Сайт картасы
қаз

Эразмус+ еуропалық бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу

09.05.2019

Ағымдағы жылдың 2-7 мамыр аралығында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының серіктесі жоғары оқу орны Оулу қолданбалы ғылымдар университетінің (Финляндия Республикасы) «Медиа және Орындаушылық өнер» факультетінің профессор-оқытушылары Karoliina Niemelä және Satu Koho Эразмус+ еуропалық бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу мақсатында Академияның оқытушыларымен кездесті.

Кездесу барысында келген оқытушылар Оулу қолданбалы ғылымдар университеті жайлы, сондай-ақ өздерінің бағыттары бойынша қысқаша мәлімдеме жасап, сонымен қатар Академияның барлық факультеттерімен танысты.

Сондай-ақ, «Театр өнері» факультетінің аға оқытушысы Манжит Сингхтың «Компьютерлік графика» пәні бойынша сабағына қатысып өз пікірлерімен бөлісіп, болашақта академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқытушылар және студенттер алмасу мүмкіндіктері талқыланды.  Satu Koho, PhD «Медиажурналистика» мамандығының 1-2 курс студенттеріне «Бүгінгі Фин телевизия журналистикасы» тақырыбында лекция оқыды.

Басқа да мәдени іс-шараларға қатысып, мәдени орындарға саяхат жасап, Академия деңгейінде ғана емес, бүкіл Қазақстан мемлекеті туралы жақсы әсерге бөленді. Аталмыш Университетпен Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы 2016 жылдан бері тығыз қарым-қатынасының арқасында көптеген оқытушылар, қызметкерлер және студенттер алмасу жұмыстарын жүргізді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+