Сайт картасы
қаз

Жеңіс туы қолда, көлік кілті қалтада

16.05.2019

Жеңіс туы қолда, көлік кілті қалтада

      Бүгін, 16 мамырда Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров белгілі әнші, Академияның эстрада өнері факультетінің магистранты Динара Қоскелдиевамен (сахналық есімі – Динара Сұлтан) кездесті.

      Асхат Максимұлы Академия ұжымы атынан Динараны жуырда «Екі жұлдыз» телевизиялық шоуының жеңімпазы атануымен құттықтап, «Әншінің әнші екендігін көрсететін, шығармашылығын сараптайтын талай байқаулардан сүрінбей өтіп, қазақ эстрадасында өз қолтаңбаңды танытып келесің. Демек, Академиямызда іргетасы қаланып, тамырын тереңге салып отырған эстрадалық, вокалдық мектептің мықтылығының бір дәлелі өзіңсің. Артиске керегі де осындай жобалар – олар өнерпазға сілкініс дарытып, серпін беріп отырады. Халықтан асқан төреші жоқ, өзіңе халық ықылас танытқан екен. Тұлпарың құтты болсын!» – деп ізгі тілегін білдірді.

      Бес баланың анасы Динара бұл жобаға бірнеше уақыт үзілістен кейін қатысқандықтан қобалжу болғандығын жасырмады. Және де өнер жолындағы осындай жетістігінің бірден бір қолдаушысы ұстазы Лаки Кесоглу екендігін атап өтті. Әйтеуір, жеңіс туы қолда, көлік кілті қалтада.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+