Сайт картасы
қаз

Халықаралық жас дизайнерлер конкурсында “Ертегі Tales” сахна костюмдерінің жеңісі

20.05.2019

      Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Театр өнері» факультеті «Сценография» кафедрасы «Театр, кино және ТД киімінің сценографиясы» мамандандыруының 4 курс студенттері 16-17 мамырда Алматы технологиялық университетінде өткен VII Халықаралық «Жас Өркен 2019» жас дизайнерлер мен модельерлер конкурсында «Этно-Фьюжн» номинациясы бойынша "Ертегі tales" үздік топтамасы үшін дипломға ие болды. Модельдердің тақырыбы қазақ халық ертегілерінің желісі бойынша мифологиялық көріністерге негізделген. Шабыттану көзі аңыздың кейіпкері-Көк бөрі дала қасқыры, прототүріктердің басты тотемдік жануарларының бірі, дүние қамқоршысы - әруақ болып табылады. Авторлар: Жылқаманова Айдана, Жандарбек Ақерке, Қайырбекқызы Нәзерке, Әлке Әсел, Бақытжанқызы Назгүл, Ербол Әйгерім, Ихарова Насима. Костюмдер бойынша жетекшісі - п.ғ.д., доценті Жангужинова М. Е.; бас киім бойынша жетекшісі - аға оқытушысы, М.Лермонтов атындағы МAОДТ костюм бойынша суретшісі Возженикова Л.В.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+