Сайт картасы
қаз

Академия ректоры халықаралық және республикалық конкурстарының жеңімпаздарын қабылдады

22.05.2019

      Бүгін, 22 мамырда Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров «Сән және костюм» кафедрасының ағымдағы жылы халықаралық және республикалық конкурстарға қатысып жоғары марапаттарға ие болған студенттерді қабылдады.
Қоқымбай Әйгерім, «Киім дизайны» мамандығының 4-ші курс студенті - OPEN WAY NEW GENERATION 2019 Жас дизайнерлердің VIII халықаралық байқауының Гран-При жеңімпазы (жетекшісі доцент Нұрмағамбетова К.А.).
Рыскелді Жарқын, «Киім дизайны» мамандығының 5-ші курс студенті - «ЖАС-ӨРКЕН 2019» халықаралық конкурсында жас дизайнерлер байқауында Прет-а-портьер номинациясы бойынша І орын жеңімпазы (жетекшісі доцент Ибраева А.Б. басқарады).
Серикан Актоба, «Сән және косттюм дизайны» мамандығының 2-ші курс студенті - 5B041000 - Сценография / Киім дизайны мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың І дәрежелі диплом иегері (жекетшісі доцент Ибраева А.Б., доцент Бекибаева Г.Д.)
Қанкелді Нурали, «Киім дизайны» мамандығының 3-ші курс студенті - 5В041000 - Сценография / Киім дизайн мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың 3-ші дәрежелі диплом иегері (жееткшісі доцент Ибраева А.Б.).
Әсел Шыңғысова, «Киім дизайны» мамандығының 3-ші курс студенті - 5В042104 - Дизайн /Киім дизайны мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың 1-ші дәрежелі диплом иегері (доцент Ибраева А.Б., доцент Бекибаева Г.Д.).
Кокымбай Әйгерім, «Киім дизайны» мамандығының 4-ші курс студенті - 5В042104 - Дизайн / Киім дизайны мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ дәрежелі диплом иегері (жееткшісі доцент Нурмагамбетова К.А., доцент Бекибаева Г.Д.).
Қабылдау барысында ректор Асхат Максимұлы бұл жетістіктер академияның үлкен жеңісі екенін атап өтіп, болашақтарына сәттіліктер тіледі.       Сондай-ақ, студенттердің таланттарын ашып, шығармашылықтарын шыңдап жүрген ұстаздарына да алғысын білдірді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+