Сайт картасы
қаз

Факультет ішінаралық конкурс өтті

03.06.2019

Факультет ішінаралық конкурс өтті

      2019 жылдың 31 мамырында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Кино және ТВ» факультетінің ұйымдастыруымен «Режиссура» мамандығы студенттерінің факультет ішінаралық курстық жұмыстарының конкурсы өтті.

      «Көркем фильм режиссурасы», «ТВ режиссурасы» және «Кино және ТВ операторы» мамандырулары бойынша 2 – 4-ші курс студенттері арасында өткен конкурсқа қатысқан 25 курстық жұмыстардың үздік деп танылғандарымен таныс болыңыздар:

Үздік фильм - «Қара мата» жұмысымен Жәдігеров Әлішер «Көркем фильм режиссурасы» 2-ші курс студенті.

Үздік деректі фильм - «Мераки» «Қара мата» жұмысымен Салимгерева Айша «Көркем фильм режиссурасы» 3-ші курс студенті.

Үздік операторлық жұмыс - «Танго» Абдрахман Диас «Кино және ТВ операторы» 3-ші курс студенті.

Режиссура бойынша:

      I орын-«Танго»

Кәрім Іңкәр «ТВ режиссурасы» 3-ші курс студенті.

      II орын-«Инсомния»

Серік Мейірбан «Көркем фильм режиссурасы» 2-ші курс студенті.

      III орын-«Интихар»

Ерболұлы Нұрбол «Көркем фильм режиссурасы» 3-ші курс студенті.

      Креативті авторлық шешім: «Қабылдау» жұмысымен Самадова Дамира «Кино және ТВ операторы» 3-ші курс студенті.

Үздік көркемдік ізденіс: «Көк етік» жұмысымен Тұрғанбаева Айнұр «Көркем фильм режиссурасы» 3-ші курс студенті.

      Анимациялық фильм бойынша: «Арнайы диплом» - DEEP WATER жұмысымен, Айдарбек Абдулкадыр «Анимациялық фильм режиссурасы 4 курс студенті.

      Конкурсқа қазылық еткендерге тоқталайық; өнертану кандидаты, доцент Мурсалимова Гүлнар Амангелдіқызы, доцент Байғожина Әсия Махтайқызы, ҚР Кинематографистері одағының мүшесі, Сабит Құрманбеков, Халықаралық конкурстардың лауреаты Қуаныш Құрманбаев, өнертану магистрі Рамазанова Бану Қуандыққызы, өнертану магистрі Исаев Олжас Мархабаұлы, кинотанушы Ержан Жумабеков сыңды бұл саланың білгір мамандары студенттер жұмыстарына әділ бағаларын берді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+