Сайт картасы
қаз

5В041600 - «Өнертану» мамандығының 1 курс студенттерінің оқу (археологиялық) тәжірибесінің нәтижелері

11.06.2019

5В041600 - «Өнертану» мамандығының 1 курс студенттерінің оқу (археологиялық) тәжірибесінің нәтижелері

 

      2019 жылдың 3-8 маусым күндері профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, ICOM мүшесі М.З. Мұсаханова жетекшілігімен Ғылым ордасының археология Мұражайында (Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28) «Өнертану» факультетінің, «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы» кафедрасының, «Өнертану» мамандығының 1 курс студенттері Адилова Мадина, Ибрагимова Акерке, Көпжүрсін Әйгерім, Шаяхмет Айсұлу, Шалаханұлы Ақтілек оқу (археологиялық) тәжірибесінен өтті.

      Оқу (археологиялық) тәжірибе нәтижесінде студенттер келесі білім мен дағдыларды меңгерді: археологиялық зерттеулердің негізгі әдістері, далалық археологиялық бекіту жүйесі, заманауи археологиялық әдістер мен әзірлемелердің мазмұны игерілді;

өнертану зерттеуінде археологиялық деректерді, археологиялық көздерді пайдалану мүмкіндігін бағалау, археологиялық көздерді пайдалану негізінде өнер тарихының қорытындыларын кәсіби бағалауды үйренді.

      Студенттер практиканың қысқа мерзіміне қарамастан (3-8.06.2019ж.), тәжірибе бағдарламаның және жеке тапсырмалардың талаптарына сай жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Олардың есептері мен презентациялары орындалған жұмыстың бағдарламамен сәйкестігін айқын көрсетеді. Әрбір студент келесі есептік құжаттарды дайындады: жазбаша есеп, презентация, экспедиция материалдарына сипаттама (18 дана), терминдер (50 дана), фотосуреттер, күнделік, есептің электрондық нұсқасы CD-дискте.

      «Өнертану» мамандығының 1-курс студенттеріне оқу (археологиялық) тәжірибені жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін археология Мұражайының басшылығына және ұйымына үлкен алғысымызды білдіреміз! Сәттілік тілейміз!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+