Сайт картасы
қаз

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның Каролина Жағалауы Университетімен (АҚШ) бірлескен Халықаралық «Прага Квадренниалі -2019» көрме-фестиваліндегі «Қазақ Ертегілеріндегі ғажайып елестету күші: еркін ұшу инстинкті» …

16.06.2019

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның Каролина Жағалауы Университетімен (АҚШ) бірлескен Халықаралық «Прага Квадренниалі -2019» көрме-фестиваліндегі «Қазақ Ертегілеріндегі ғажайып елестету күші: еркін ұшу инстинкті» атты халықаралық жобасы

 

      Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Максимович Маемировтің тікелей қолдауымен академияның сценограф-студенттерінен құралған команда 2019 жылдың 4-16 маусым аралығында Каролина Жағалауы Университетімен (АҚШ) «Қазақ Ертегілеріндегі ғажайып елестету күші: еркін ұшу инстинкті» (‘The power of imagination in Kazakh Ertegi Tales: instincts of free fight’) атты бірлескен жобасын Чехия Мемлекеті Прага қаласында өтетін Халықаралық «Прага Квадренниалі -2019» көрме-фестивалінде қатысып көрсетеді.

      Т.Жүргенов атындағы КазҰӨА ректоры осындай ауқымды халықаралық жобаға қатысу студенттерге өздері таңдаған мамандығын тереңірек тануға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Студенттік көрме мен перформастардың кураторлары академияның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қабыл Заманбекұлы Халықов, «Сценография» кафедрасының меңгерушісі, өнертану докторы, профессор Қаржаубаева Сангуль Камалқызы және ССU (АҚШ) профессорлары PhD Анна Олдфиелд, PhD Эмма Хоуес, «физикалық театр» профессоры Бэнжамин Сота.

      Бірлескен жоба аясында студенттермен «The power of imagination in Kazakh Ertegi Tales: instincts of free fight» ертегі тақырыбына альбом-каталогы құрастырылып, онда үздік инсталляциялары, видео және перформанстары, екі ел профессорларымен «Қанаттану еркіндігі: таулар мен мұхиттар энергиясы» (‘Intersections of Free Flight: Mountains & Oceans Energy)’ бейнефильмі түсірілді.

      Халықаралық бірлескен жоба Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаһандану Әлеміндегі Қазақстандық заманауи мәдениет» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты («Ұлы Дала фольклорының антологиясы») мемлекеттік бағдарламаларын халықаралық денгейде іске асыруға бағытталған.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+