Сайт картасы
қаз

«Жад жүздері. Қолжазба және баспа мұрасын сақтау және қалпына келтірудің жаңа технологиялары» атты IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар

24.06.2019

«Жад жүздері. Қолжазба және баспа мұрасын сақтау және қалпына келтірудің жаңа технологиялары» атты IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар 

      2019 жылдың 18-21 маусымы аралығында «Бейнелеу өнері тарихы және теориясы» кафедрасының профессоры, т.ғ.к., мұражайшы, ICOM мүшесі Мұсаханова Мадина Зульпұхарқызы Ереван қаласында (Армения Республикасы) «Жад жүздері. Қолжазба және баспа мұрасын сақтау және қалпына келтірудің жаңа технологиялары» атты IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.

      Семинар Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігінің, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы Мемлекетаралық қорының, Армения Ұлттық Галереясының және Армения Ұлттық мұрағатының қолдауымен өткізілді. Семинардың қорытындысы бойынша М.З. Мұсаханова «Қазақстан Республикасы мұражайының жаңартылған мұрасы» атты баяндамасы үшін алғыс хатпен марапатталды. Семинар аясында профессор М.З. Мұсаханова «Байланыстар: Жад үшін біріккен жауапкершілік» тақырыбындағы дөңгелек үстелде «Қазақстан Республикасының «Ғылым Ордасы» Ғылыми кітапханасының жинағынан шет тілдерінде сирек кездесетін кітаптар» атты баяндама жасады.

      Семинарға реставраторлар, қор сақтаушылар, мұражай, кітапхана қызметкерлері, мұрағатшылар, ТМД елдерінен, Еуропа, Грузиядан жоғары технологиялар саласындағы мамандар қатысты.

      Білім, мәдениет және спорт министрінің орынбасары А.Е. Хзмалян Арменияның Ұлттық көркемсурет галереясында семинардың ашылу рәсімін өткізді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+