Сайт картасы
қаз

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға …

29.07.2019

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Кафедра атауы

Кафедра меңгерушісі

Профессор

Доцент

Аға оқытушы

Оқытушы

Актер шеберлігі және режиссура

-

-

-

-

2

Сахна тілі

-

-

-

-

1

Жеке ән салу

-

-

-

-

2

Сахна пластикасы

-

-

-

-

2 (1-сахна қозғал., 1-цирк.)

Музыкалық театр

-

-

-

1 (актер шебер.)

1 (актер шебер.), 2 (құыршақ театр)

Сценография

-

-

-

1

-

Дәстүрлі музыкалық өнер

-

1

-

-

4 (1-жетыген, 1-қобыз.ән салу, 1-жыршы, 1-айтыс)

Сәндік-қолданбалы өнер

-

-

-

-

1(СҚӨ қалпына келтіру)

Эстрадалық оркестр аспаптары

-

-

-

-

1 (саксафон)

Эстрадалық вокал

-

-

-

-

2 (1-қазіргі заманғы би, 1-эстрад. вокал)

Экрандық өнер режиссурасы

 

 

 

1 (анимация)

3 (1-анимация, 1-режиссура, 1-монтаж)

Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер

 

 

 

 

2 (дыбыс режиссурасы)

Театр өнерінің тарихы мен теориясы

-

-

1

-

-

Кино тарихы мен теориясы

-

1

-

2

2

Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы

-

-

1

-

-

Көркемсурет

-

-

-

-

2 (1-станок.кескіндеме, 1-кітап граф.)

Дизайн

-

-

-

2 (1-граф.дизайн, 1-ландш.дизайн)

1 (өндірістік дизайн)

      Профессор–оқытушы құрамының лауазымдарына орналасуға арналған конкурс ҚР МСМ "Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" РММ Ғылыми кеңесінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы (№5-хаттама) шешімімен бекітілген   ҚР МСМ "Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" РММ профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.

      Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Кафедра меңгерушісінде жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары, білім менеджменті бойынша  біліктілікті арттыру  курстарынан өту туралы сертификаттың (куәлік) болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  2. Профессорда жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, соның ішінде доцент лауазымында  кемінде 5 жыл,  оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  3. Доцентте жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, соның ішінде аға оқытушы лауазымында  кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  4. Аға оқытушыда жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде оқытушы лауазымында  кемінде 3 жыл немесе кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша тәжірибелік (шығармашылық) жұмыс  өтілі кемінде 7 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  5. Оқытушыда  кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл  болған жоғары білімі және/немесе магистр академиялық дәрежесі, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.

      Доцент, профессор лауазымдарына орналастыру бойынша конкурсқа мамандығына сәйкес ғылыми атағы және ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ мамандығы бойынша үлкен тәжірибелік жұмысы бар және танылған, мойындалған жетістіктері бар мамандар жіберіледі.

      Конкурсқа қатысушының білімі, ғылыми және академиялық дәрежесі, жұмыс өтілі кафедраның бағдарына сәйкес келуі міндетті.

      Артықшылықтар ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе құрмет атағы (ҚР мемлекеттік марапаттары) барларға, ағылшын тілін меңгергендерге, алыс шетел университеттерінде оқытушылық тәжірибесі барларға, оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жұмыс негіздерін меңгергендерге беріледі.

      Конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар Академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке төмендегі құжаттар қоса тіркеледі:

            1) форматы 3,5x4,5 суреті бар мамандарды есепке алу бойынша жеке парақ;

            2) барлық қажетті  мәліметтер толық жазылған өмірбаян;

            3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

            4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

            5) уәкілетті  тұлғаның қолы мен ұйымның мөрі қойылған,  конкурсқа қатысушының соңғы жұмыс орнымен расталаған  ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарының тізімі;

            6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);

            7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

            8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) (бұдан әрі – № 272 бұйрық) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

            9) № 272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

       10) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

            Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

            Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127, № 2 кабинет  (Қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).

Құжаттар 2019 жылдың 26 тамызына дейін өткізілуі керек.

Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85.         

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+