Сайт картасы
қаз

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ Құрметті достар және әріптестер!

23.08.2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

 

Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

 

 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЭКСПЕРТТЕУ КЕҢЕСІ  

 

Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» және «ШЕТ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ ҚХА» КАФЕДРАЛАРЫ

 

 «ALTAIR» БАЛАЛАР КІТАПТАРЫ АКАДЕМИЯСЫ

 

  

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті достар және әріптестер!

 

Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы Сіздерді 2019 жылдың 3-4 қазанында өтетін  «КӨП МӘДЕНИЕТ ӘЛЕМДЕГІ БАЛАЛАР МЕН КІТАПТАР» атты Халықаралық конгресске қатысуға шақырады.

 

      Аталған шара Қазақстандағы Жастар жылы мен ТМД-ғы Кітаптар жылына арналады және Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Республикалық Достық Үйінде өтеді. Мекен-жайы: Құрманғазы көшесі 40 Төлебаев көшесінің қилысы.  

 

Конгресс жұмысы төмендегідей негізгі бағыттар бойынша жоспарланған:

  1. Көпмәдениетті білім беру кеңістігіндегі балалар кітабы
  2. Ел мен халық тарихының балалар кітаптарында көрініс беруі
  3. Балалар және жасөспірімдер әдебиеті: филологиялық талдау және аударма тәжірибесі
  4. Балалар кітабы арт-нысан ретінде Қазақстанда және әлемде.

 

Конференция қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде өтеді.

Қатысу формасы: іштей және сырттай.

 

      Материалдардың электронды жинағын шығару жоспарлануда және ISBN (жинақта пікірлер, ғылыми шаралар туралы хабарламалар, шолулар және т.б. болуы мүмкін).

      Қатысушылардың өтініштерін (1 қосымшадағы үлгі бойынша) және баяндама мәтіндерін (2 қосымша – безендіру үлгісінде ) 2019 жылдың 15 қыркүйегіне дейін: kzavrv@mail.ru электронды поштасы қабылдайды.  

Белгіленген мерзімнен кешікпеулеріңізді өтінеміз!

 

      Шараға қатысуға жұмсалған барлық шығындарды ұсынылған жақ пен қатысушылардың өздері төлейді.

Ұйымдастыру жарнасы 5 000 теңге және портфель (бағдарлама, бейдж, блокнот, қалам), қатысушы сертификаты және кофе-брейк.

 

      Ұйымдастыру жарнасын жіберу реквизиттары: Алматы қаласы, Кекілбаев көшесі 133, 5 қабат, №54 кабинет немесе Исабековоа Тотының картасына жіберуге болады  ЖСН 870110402675 KaspiGOLD 5169497117951214. Байланыс телефоны: моб./whatsUpp +7701-697-77-28, қызметтік +7(727)395-12-50.

 

      КОНГРЕССТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:

Алимжанова Алия Шарабекқызы– филос.ғ.к, профессор, МАИН академигі, Т.Жүргенов ат. ҚҰӨА-сы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі;

Шаймерденова Меңдіғаным Жамалбекқызы – тарих ғ.к., Т.Жүргенов ат. ҚҰӨА-сы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры, МАИН академигі, ҚХА мүшесі (Алматы қаласы), ҚХА НЭГ мүшесі (Алматы қаласы);

Аманжолова Джемма Болатқызы – ф.ғ.к., Евразиялық гуманитарлық институт доценті, «Altair» балалар кітаптары Академиясының сарапшысы;

Нұрмұхамбетов Ардақ Амангелдіұлы – PhD доктор, Т.Жүргенов ат. ҚҰӨА-сы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті;

Үдербаева Ляззат Дулатқызы – Т.Жүргенов ат. ҚҰӨА-сы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы;

Төлебаева Жұлдыз Дауылбайқызы –  Т.Жүргенов ат. ҚҰӨА-сы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы.

 

Байланыс телефондары: Mob., WhatsApp:

+7701-788-66-42 – проф. Шаймерденова Мендыганым Джамалбековна;

+7775-949-49-40 – доцент Аманжолова Джемма Болатовна;

 

МАТЕРИАЛДАРДЫ БЕЗЕНДІРУ ТАЛАПТАРЫ:

 

  1. Баяндама мәтіні 5 бетке дейін, Microsoft Word мәтіндік редакторында терілген, шрифт – Times New Roman, шрифт өлшемі – 14 кегль, азат жол – 1,25 см; жоларалық интервал – 1,0. Жоғарғы жағы – 2,0 мм, төменгі жағы – 2,0 мм, оң жақ – 2.0 мм, сол жақ – 3,0 мм.
  2. Мақала мәтініне жазылатын аңдатпа:

- қазақ және орыс тілдеріндегі мақалаларға – ағылшын тілінде;

- ағылшын тіліндегі мақалаларға – қазақ және орыс тілдерінде.

  1. Тақырыпты безендіру –2 қосымшаны қараңыз.
  2. Кестелер, диаграммалар, суреттер (аударма жасау үшін) түсінікті форматпен ұсынылуы қажет, мысалы: 1 сурет. Сурет атауы; 1 кесте. Кесте атауы.
  3. Пайдаланған әдебиеттер тізімі алфавитпен нөмірленеді; мәтіндегі әдебиеттерге берілетін сілтеме шаршы жақшамен белгіленеді, мысалы – [1, с.34].
  4. Файл атауцына автордың фамилиясы жазылуы керек (авторлар құрамы болса – бірінші автордың фамилиясы).

      Редакция нақты емес мәліметтері бар, заң талаптарына қарсы, жинақтың тақырыбы мен деңгейіне сәйкес емес мақалаларды шығармауға құүқылы. Мақалалары шығарылмаған авторлармен редакция байланыспайды.

1 қосымша.

«Көп мәдениет әлемдегі балалар мен кітаптар» атты Халықаралық конгресске ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІШІ

 (Алматы, 3-4 қазан 2019 ж.)

 

Аты-жөні

 

Жұмыс орны, қызметі

 

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Мекенжай (индекспен)

 

Mob., WhatsUpp

 

E-mail:

 

Баяндама атауы, ғылыми шаралар жайлы пікірлер, хабарламалар

 

Конференция бағытының атауы

 

Қатысу формасы (іштей, сырттай)

 

Толтырылған күні

 

 

2 қосымша

Безендіру үлгісі:

қазіргі қазақстан қоғамындағы рухани құндылықтар мәселесі

 

А.Ш. Ахметова

Филология ғылымдарының докторы, профессор

Т.Жүргенов ат. ҚҰӨА-сы, Алматы қаласы, Қазақстан

ahmetova@mail.ru

 

Аңдатпа

 

Мәтінмәтінмәтінмәтінмәтінмәтінмәтінмәтінмәтінмәтін

 

Әдебиет:

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+