Сайт картасы
қаз

Шығармашылық қызмет

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы өнер саласындағы мамандарды кәсіби дайындаудың негізі ретінде шығармашылық қызметке ауқымды көңіл бөледі. Мұнда шығармашылық барлық мамандықтар бойынша пән және қорытынды нәтиже ретінде қарастырылады, сондықтан өнер академиясындағы оқытудың ерекшелігі кәсіби білім беру мен шығармашылық қызметтің тығыз байланысынан көрінеді.

Академияның шығармашылық кызметтегі негізгі мәндеттері келесідей:

  • мәдениет және өнер салаларындағы жоғары білікті мамандарды дайындаудың негізгі ретіндегі шығармашылық қызметті дамыту;
  • студенттердің рухани-инабаттық әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • жоғары оқу орнының көркемдік ұжымдарының орындау шеберлігі мен деңгейін көтеру;
  • көркемдік талғамдарын тәрбиелеу;
  • оқытудың кәсіби бағытталуы;
  • көркеми-танымдық қызметті ұйымдастыру.

Шығармашылық қызметтің функциялары академияның көркеми-шығармашылық жұмысының негізгі бағытымен айқындалады. Саладағы мәденит пен өнер жұмыстары бойынша комитетпен, жастар ісі жөніндегі комитетпен, жоғары және кәсіби орта білім басқармасымен, шығармашылық одақтармен, филармониямен, театрлармен, кәсіби ұжымдармен шығармашылық байланыстар орнатылып жүзеге асырылуды.

Қазіргі таңда байқауларды, фестивальдерді, концерттерді, қойылымдарді, театрланған көріністер мен мерекелерді, көрмелерді, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды, көрсетілімдерді, кештерді, бенефистерді, форумдарды, шығармашылық кездесулерді және т.б. ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жоспарланып орындалуда.

Жоғары оқу орнында студенттердің көркем шығармашылыөтарын дамыту бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Қазақстан мен шетелдердегі шығармашылық байқаулар мен фестивальдерге академия студенттері мен оқытушылар қатысуының алғышарттары мен нәтижелігі талдануда.

+