Сайт картасы
қаз

«ӨНЕР» телеарнасы

  Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тарихы ертеден бастау алады. 2001 жылдың шілдесінде ҚР Президентінің бұйрығымен академияға ұлттық статусы берілді. Бүгінде Т.Қ.Жүргенов атындағы өнер академиясы  шығармашылық интеллегенция дайындайтын бірден-бір орталық болып табылады. Академияның оқу-тәрбие үдерісіне ҚР халық артистері мен халық суретшілері, шығармашылық одақтардың мүшелері, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары, ғылым докторлары, профессорлар жетекшілік етеді. Академия білім берудің әлемдік стандартына талпынуда. Академия қабырғасында халықаралық деңгейдегі симпозиумдар мен конференциялар, әлемдік деңгейдегі танымал режиссер, актер, суретші, музыканттармен шеберлік сыныптар, түрлі көркемөнер көрмелері өтіп жатады. Студенттер мен оқытушылар үшін еліміздегі танымал шығармашылық жоғары оқу орны туралы айтатын нәрселер көп. Сол үшін академиядағы студенттік ТВ ашылды.

   Жаңа мыңжылдықта жоғары оқу орнының білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу мен пайдалану қажеттілігі күн тәртібіне қойылған. Бұл сапалы білім беру мүмкіндігіне ие болады, сонымен қатар, ақпараттық білім беру ортасын даярлауға мүмкіндік береді. Осымен қатар өзге де міндеттерді жүзеге асыруды Т.Қ Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттік телеканалы қамтамасыз етеді. 

   Т.Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттік телеканалы жас мамандарды тележүргізуші, журналист, телеоператор, сценарист секілді кәсіпке бағыттайтын, қабілеттерін ашатын маңызды студентішілік оқу алаңына айналу қажет.

      Телевизиялық сюжеттер, репортаж, телебағдарламаларды жасау үшін студенттер жеке немесе шығармашылық топта өздерінің мүмкіндіктерін көрсете білу қажет.бейнемонтаждың көмегімен студенттік телекешенді құру студенттердің шығармашылық күшін нақты теле туындылар (сюжет, репортаж, интервью,  скетч, қойылымдар, телебағдарлау және т.б.) жасауына мүмкіндік береді.  Өз жұмыстарының нәтижесін көпшіліктін назарына ұсына алады. Телекешеннің қызметі тәжірибелік сипатта жүргізіледі және студенттер үшін де, педагогтар үшін де қолданбалы мәнге ие.

    Алдымен академиядағы студенттік ТВ-ның мақсатын әмбебап қоғамдық-көркем ТВ ретінде көреміз. Сонымен қатар, білім беру үдерісін ақпараттық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру. Т.Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясының қызметкерлері мен студенттерін ақпараттандыру. 

 

 

 

  1.  Студенттер мен оқытушыларға арналған ақпараттық, мәдени-ағартушылық, білім беру бағдарламаларын жасау.
  2. Студенттердің бастамасын жүзеге асыру, түрлі тақырыптағы бейне-жобаларды жасау.  
  3. Студенттердің шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
  4. Өнер академиясы студенттерінің әлеуметтік-ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
  5. Олардың азаматтық, кәсіби өсулері мен өзіндік жетілулерін ұштастыру.

   Студенттік ТВ бағдарламалары – бұл, алдымен, ең жас адамдардың өмірге және шығармашылыққа деген көзқарасы. Олар өздері жоғары оқу орнындағы мәселелі тақырыптарға арналған телевизиялық жаңалықтар мен репортаждарды жасайды. Суретшілер секілді, өздерін не толғандырады, соны түсіреді.

   Студенттік ТВ қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері – студенттік өмірдегі өзекті мәселелерді, студенттің қоғамдық өміріндегі маңызды сәттерді, ТВ саласындағы кәсіби дағдыны меңгерген мамандарды шақырып, олармен шеберлік сыныптар ұйымдастыруды көрсету.

Т.Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттік телеканалын «Өнер арнасы» деп атауды ұсынып жатыр. «Дубль бір».

     Редакциялық саясат, жоспарлау, кез келген нақты сюжетті өңдеу немесе бағдарламалар ақпараттық бағдарламалар жетекшісін, студенттік ТВ жетекшісін қамтитын редакциялық топпен байланысты. 

    Т.Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясындағы ТВ бағдарламаларға қатысушылар, қонақтар танымал режиссерлар, артистер, музыканттар, қоғамдық және саясат өкілдері болуы мүмкін.

     Студенттік ТВ-ны таратудың жанрлық-тақырыптық аспектісі – жаңалықтар, аналитикалық сюжеттер, бағдарламалар, презентациялық роликтер, аналитикалық сұхбаттар. 

     «...мен бір күн» бағдарламасының түсірілімі.

Ақпараттық, білім беру сюжеттерін, бағдарламаларды даярлау.

Т.Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясының әкімшілігімен болған ақпараттық-аналитикалық сюжет түсірілімі.

Т.Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясына келген қонақтармен болған ақпараттық сюжет түсірілімдері.

«Студенттік өмірден естелік», «Бірінші дубль», «Академия-информ», «Алматыдағы студенттік өмір» бағдарламаларының түсірілімі.

Бейнефильмдер жасаумен жұмыс.

  Мақсат – академия студенттерінің шығармашылық белсенділігін көтеру, телережиссер, телеоператор, тележурналист секілді мамандықтардың басты кәсіби дағдыларын меңгеру, Т.Қ Жүргенов атындағы өнер академиясының жұмысын паш ету.

    Т.Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясындағы студенттік ТВ атауына байқау жариялау.

    Т.Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері өз жұмыстарына өзге факультеттің студенттерін де тарта алады. Мұнда олар болашақтағы мамандықтары туралы, театралды қойылымдардың жұмысы мен шығармашылық  жоспары туралы, картиналарының көрмесі туралы, фильм түсірілімі және музыкалық бағдарламалар мен клиптері туралы айта алады. Авторлар – студенттер артистің, суретшінің, шығармашылығы туралы өз пікірлерін айта алуы керек, көрменің өзге де қызықтаушыларының пікірін білдіруін көрстете білу қажет.  

    Т.Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясы студенттерінің түсіретін сюжеттері мен бағдарламалары қалалық және республикалық мұражай залдарында, қаланың жетекші театрларында, түсірілім алаңдарында жасалуы болжануда. Негізгі мақсат – студенттер театр, кино, кескіндеме және музыкалық негізгі бағыттарды анықтап алуы қажет.

  «Т.Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясы айтып және көрсетіп тұр», «Т.Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясының Орталық ТВ-сы», міне, осылар студенттердің қоршаған әлеммен байланыстарын ашатын телебағдарламалардың атауы болуы мүмкін.

     Проект студенттік ТВ жобасы – бұл тек қана Т.Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясының тарихи дәстүрін сақтап қана қою емес, жаңасын да жасау. Оған қоса, студенттік өмір адам өміріндегі ең жақсы сәттер. 

    Студенттік телекешеннің жобасы ұзақ мерзімді, тәжірбиелі, талап етуші және нақты жұмыстар мен нәтижені талап етеді.

 

 

Телезертхананың жетекшісі, 

профессор Ғайнижамал Әбілдина

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

+