Сайт картасы
қаз

Мансап баспалдақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

 

Т.Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

(АА № 0000006 лицензиясы 30.11.2001 жылдан.)

Біздің жоғары оқу орнының іргетасы 1955 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтының кұрамында факультет болып қаланып, содан 1978 жылы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институты ретінде қалыптасты. Кейінірек, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты деген атпен танылды. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік көркемсурет академиясымен біріккеннен кейін Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы болып қайта құрылды.

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА – ның студенттері түрлі іс-шараларға қатысты: көрмелерге, концерттерге, спектакльдерге және басқа да байқауларға қатысып, өздерін жоғары білікті маман ретінде көрсете алды және  әр түрлі сайыстарға қатысып лауреат атанды, сыйлық иегерлері болды.

2001 жылдың желтоқсанынан бастап академия құрамына Республикалық көркемсурет колледжі енгізілді, сол кезеңнен бастап өнер саласындағы көп сатылы маман даярлау ісін жүзеге асыруда: мектеп-интернат –7-9 сыныптар (бастауыш көркемсурет даярлығы), колледж (техникалық және кәсіптік білім) және бакалавриат (жоғары арнаулы білім), магистратура, Ph.D. докторантура

Бүгінгі таңда академияда 2 -КСРО халық артисі, 10 Қазақстан Республикасының халық артисі, 56 ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлер,15 Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, 29 халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, 14 ҚР еңбек сіңірген артистері, 16 ғылым докторы, 15 Ph.D докторы, 94 профессор, 60 ғылым кандидаты, 116 доцент, 25 Қазақстан Республикасы «Оқу ісінің үздіктері» және 20 Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері дәріс береді.

Бұл аталған сандар арқылы тәуелсіз мемлекетіміздің шынайы өнер адамдарын, жүректерінде өнер мен өмір деген ұғым қатар жүретін нағыз өнер қайраткерлерін танимыз. Олар: А.Әшімов, Б.Төлегенова, Н.Нүсіпжан, М.Байсеркеұлы, Е.Обаев, Р.Андриасян, Л.Кесоглу, Н.Есқалиева, Т.Жаманқұлов, Т.Забирова Д.Тұранқұлова, Р.Байсейітова, Г.Түткібаева, Р.Қаныбаева, Е.Сегізбаев, Д.Исабек, Е.Сергебаев, Л.Төлешева, Р.Машурова, Б.Өмірбеков, С.Азимов, А.Құлбаев, Г.Сапарғалиева, А.Әмірқұлов. Академияның театр, хореография, музыка өнері факультеттерінің түлектері бүгінде еліміздің барлық театрларымен музыкалық ұйымдарында кызмет етуде.

  Бейнелеу өнері факультетінің түлектері Алматы қаласындағы Республика алаңында орналасқан Тәуелсіздік монументіне, Астана қаласындағы Үкімет ғимараттары мен өзге қалаларды көркейтуге де атсалысты.

Кино және ТД факультетінің көптеген түлектері мен студенттері еліміздің алдыңғы қатарлы телерадиокомпанияларында жемісті еңбек етуде. Түлектеріміздің көпшілігі халықаралық кинофестивальдердің лауреаттары.

Академияда еліміздің және ТМД елдерінің солистерімен тығыз байланыс жасайтын Биг-Бэнд және Диксиленд жұмыс істейді.

Академия өнер саласындағы ғылыми жұмыстармен, педагогикалық еңбекпен айналысам деушілерге магистратура және Ph.D. докторантура жүйесін ұсына алады.

Академия шетелдің Жоғарғы Оқу орындарымен халықаралық келісім шартқа отырған, олар: Ресей, Италия, Германия, Өзбекстан, Корея, Грузия, Қырғызстан, Украина, Монғолия, Иран, Түркия, Эстония, Араб республикасы Египет, Беларус республикасы, Ұлыбритания.

Жоғарғы Оқу орындары: С. Герасимов атындағы ВГИК, Әсемдік өнерлер академиясы (Италия), Флоренция Университеті, Корея Ұлттық өнер Университеті, Стамбул Университеті, Каир Университеті, И. Репин атындағы Мемлекеттік академиялық кескіндеме университеті, Ресей академиялық театр өнері академиясы,Мемлекеттік Эрмитаж және т.б.

 

«Бос орындар жәрмеңкесі»

         2015-2016 оқу жылында Т. Қ .Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының 14 мамандығын бакалавр бойынша 337 түлек бітірді.

         Академияның 6 факультеті бойынша 29.04.2016 ж. «Бос орындар жәрмеңкесі» іс-шарасы өткізілді.

         Жәрмеңкеге әр-түрлі шығармашылық кәсіпорындардан жұмыс берушілер қатысты; театр басшылары, телестудиялар, Қазақфильм, концерттік ұйымдар, дизайнерлер одағы, жазушылар одағы, журнал редакторлары, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы, бірнеше шығармашылық колледждер. ЖШС «КазSPO-N», «Элегант», ЖК «Верюгина», «Лорал», «Казреставрация», ЖШС «Kagan Engeneering», ЖШС «Тайқазан», ЖШС «Арқанат», ЖК «Қоңыр», «Этно-дизайн Қазақ – 2030».

         Қорытындылай келгенде, 337 бітіруші түлектің 215-і жұмыс беруші шығармашылық ұйымдар мен кәсіпорындарға бөлінді.

 

 

+