Сайт картасы
қаз

«Кескіндеме, мүсін және дизайн»

«Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің негізі 1978 жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесінің отызыншы мамырдағы қаулысына сәйкес ашылған Алматы мемлекеттік театр және сурет өнері институтында «Бейнелеу өнері» кафедрасы ретінде қаланған.

Кафедра алғашқы меңгерушісі болып КСРО халық суретшісі, КСРО көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Т.Б. Телжанов меңгеруші, оқу және оқу-әдістемелік жөніндегі проректор Б.Е. Өмірбеков болды. Оқытушылық қызметке Қазақ КСР өнерінің еңбек сіңірген қайраткерлеі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Д.Т. Сергебаев, Сулеев, Б.Тулькиев, Ж.К.Қайрамбаев , Е.Төлепбаев, Ю.Белов, К. Тыныбеков, К.Б. Оспанов, М. Жакубалиев, К. Абдикаримов Г.П.Климук шақыртылды.

+