Сайт картасы
қаз

«Кино және телевизия»

      Қазақстанның өзіндік киномектебінің құрылуы жаңа буын киноматографистерді тәрбиелеу тарихындағы маңызды қадам болды. Осыған орай, 1993 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтында кино факультеті ашылды (ұйымдастырылды). Бұл факультет бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы кинематографиялық білім беретін алдыңғы қатарлы оқу мекемесі болып табылады.
      Факультеттің негізін қалаушылар мен алғашқы оқытушылары белгілі Қазақстан кинематографистері: кинорежиссерлер Ә.Хайдаров, Т.Теменов, В.Пұсырманов, Е.Абдрахманов, С.Азимов, Б.Шарип, К.Мерғазиев, кинотанушылар Б.Нөгербек, Г.Әбикеева, К.Айнағұлова, К.Әлімбаева, театр және кино актері Т.Жаманқұлов, операторлар Ә.Қастеев, Э.Дауылбаев, драматургтер Ә.Тарази, Л.Ахинжанова, журналист және көрнекті қоғам қайраткері К.Смаилов болды.

+