Сайт картасы
қаз

«Музыка өнері»

     Т. Қ.  Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының  ең жас факультеті болып 2008 жылы «Музыка өнері» факультеті құрылды. Факультеттің құрылуына заманауи талаптар,  сұраныстар ұйытқы болды. Өнерде және шоу-бизнесте нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, қазіргі заман талаптарына сай жаңа мамандықтар ашылып кеңейтіліп жатыр. Қазіргі таңдағы жоғарғы оқу орны – тек оқу әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ағарту орталығы  ғана емес,  қыруар  потенциалды концерттік  ұйым болып табылады. Факультет студенттері, оқытушылары, концерттік ұйымдары қалааралық, Академия қабырғасында өтетін іс-шараларға ,  кеш-концерттерге белсенді қатысады. Дәл осы іс-шаралар арқылы өнер Академиясының келбеті қалыптасып, оқу орнымыздың даңқы асқақтай түседі.

+