Сайт картасы
қаз
Кері қайту «Музыка өнері»

«Эстрадалық вокал» кафедрасы

      2000 жылы Қазақстанда алғаш рет «Эстрадалық вокал» және «Эстрадалық оркестр аспаптары» мамандандыруынан тұратын «Эстрадалық өнер» кафедрасы  ұйымдастырылған. Содан, 2008 жылы Музыкалық факультетіне өзгертілді. Кафедра 5В040800  «Эстрадалық өнер»  мамандығы мен «Эстрада вокалисі»  мамандандыру жұмысын іске асыру үстінде.
 

Оқушы-вокалист оқу барысында
•    жеке сабақ өткізуге, фортепиано және  шағын аудиожүйесімен жабдықталған   оқу сыныптарымен;
•    ансамбль сабақтарын өткізуге арналған оқу дәрісханасымен;
•    хореография сабағына арналған залмен;
•    музыкалық концерттік қойылымдарды қоюға, актерлік шеберлік сабағына, кәсіби-тәжірибелік іс-шараларды өткізуге арналған оқу театрымен қамтамасыз етіледі.

 

 

Кәсіби музыкант мамандарын  эстрадалық өнер саласына  жоғары деңгейде  тәрбиелеу -  кафедраның ең басты мақсаты.  «Эстрадалық өнер»  кафедрасы өнер саласында жұмыс атқарып жүрген көптеген атақты Қазақстандық әншілерді, әртүрлі конкурстардың лауреаттарын, олардың ішінде: Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Әлішер Кәрімов, Динара Султан, Қайрат Түнтеков, Әли Оқаповжәне т.б. дайындаған және де дайындап келеді.

Кафедра  ұжымы  Қазақстанның халық әртістері: Есқалиева Н.Х., Кесоглу Л.К.,  Қазақстанның еңбек әртісі Төлешева Л.Х.,Қазақстанның  еңбек қайреткері  Забирова Т.К.  мен  халықаралық конкурстардың лауреаттары  Мусрали М.Ж., Тулешев Ж.Т. және т.б. мұғалімдерден  құралған.

+