Сайт картасы
қаз

Білім беру порталы

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Қазақстандағы үздіксіз білім беру концепциясын жүйелі түрде жүзеге асырып отырған, алғашқы оқу орны. Академияда мектеп – колледж – бакалавриат – магистратура - докторантура 5 сатылы білім беру жүйесі жоғары деңгейде жүзеге асырылған және сапалы мамандар дайындауға негіз болып отыр. Қазіргі кезеңде Академия – мектеп-интернатында 5 арнайы тақырыптық сабақтарын өткізеді, сонымен қатар, арнайы кәсіптік  білім беруді 4 колледж мамандықтары және жоғары білім саты бойынша: 14 бакалавриат, 13 магистратура, 7 докторантурадағы білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асыруда.

Академияда 6 факультет жұмыс істейді, олар:

  • «Театр өнері»,
  • «Музыка өнері»,
  • «Өнертану»,
  • «Кино және телевизия»,
  • «Хореография»,
  • «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеттері.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2015 жылдың желтоқсан айында бакалавриат және магистратураның 19 білім беру бағдарламалары бойынша Аккредитация және рейтинг бойынша тәуелсіз ұлттық агенттігінен (НААР) мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтіп шықты. Бұл аккредитациядан өткен 19 мамандықтың 9-ы магистратура, 10-ы бакалавриат мамандықтары.

2015-2016 оқу жылында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқу үрдісін дамытуға қажет оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру үшін бірқатар кешенді шаралар өткізілді.

Академияның 24 кафедрасында:

  • базалық және бейінді пәндер бойынша (міндетті және таңдау компоненті) 700-ден астам оқу-әдістемелік кешен құрастырылды;
  • 30-дан астам оқулық, оқу-әдістемелік құрал және әдістемелік нұсқаулар құрастырылып,  оқу үдерісіне енгізілді;
  • 69 модульді жұмыс оқу жоспарлары жасалынды;
  • 11 өнер мамандығы бойынша мемлекеттік кәсіби білім беру стандарттары жасалынды;
  • өнер қайраткерлерімен 60 астам шеберлік-кластары жүргізіліп,
  • 10 әдістемелік семинар өткізілді.
+