Сайт картасы
қаз

Оқу үдерісін бақылау және ұйымдастыру қызметі

Оқу үдерісін бақылау және ұйымдастыру қызметі

Офис тіркеуші бөлімінің қызметі:

  • Академиялық топ пен лектерді қалыптастырады;
  • Білім алушылардың бекітілген тәртіпте жеке оқу жоспарларын тіркейді;
  • Білім алушылардың аралық және қорытынды аттестациясын ұйымдастырады және өткізеді;
  • Білім алушылардың академиялық көрсеткішін жүргізеді;
  • Білім алушылардың барлық оқу кезеңіндегі игерілген кредитін есепке алады;
  • Білім алушылардың транскриптін жасайды.

Оқу үдерісін бақылау және ұйымдастыру қызметі

  • МЖМБС, жұмыс оқу жоспарлары, бағдарламалар және т.б. оқу-әдістемелік құжаттарға сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыру және бақылау;
  • Министрліктен келетін кредиттік технология бойынша нормативтік құжаттарды зерделеу;
  • оқу жұмыс жоспарларын құрастыру кезінде кафедра меңгерушілеріне әдістемелік көмек беру және бақылау;
  • оқу жұмыс жоспарының типтік оқу бағдарламасына сәйкес болуын қадағалау;
  • жинақтық тізімдемеге сәйкес ОПҚ-ның ай сайынғы оқу жүктемесі бойынша ақпаратты өңдеу;
  • студенттердің бекітілген сабақ кестесіне сәйкес ОПҚ оқу жүктемесінің орындалуын бақылау;
  • МАК төрағаларының, сағаттық төлем ақы мен жұмыс істеуші оқытушылардың өтініштерін тексеру және бақылау;
  • академияның натура қоры бойынша есебін және есеп-қисабын жүргізу;
  • мамандық бойынша оқытушы-профессорлық құрамның, концертмейстерлердің, натура қорының аудиторялық сабақ нормалары мен академия бұйрықтарына сәйкес жылдық штаттық жүктемені дайындауды жүзеге асыру;
  • кафедралардағы  ПОҚ оқу жүктемесінің орындалу есебін, журналдардың толтырылуын бақылау;

 

Студенттер бөлімі:

  • Студенттердің жеке іс қағаздарын контингенттің жылжуы бойынша бұйрықтарға сәйкес қабылдау, рәсімдеу, және жүргізу;
  • Бұйрықтарға сәйкес оқып жатқан студенттердің жеке іс қағаздарын сақтау және студенттердің жеке іс қағаздарына өзгеріс енгізу;
  • Студенттік, оқырман билеттерді және сынақ кітапшасын беру;
  • Студенттің жеке құрамы бойынша бұйрықтарды дайындау /курстан курсқа студенттердің көшуі, оқудан шығуы(академиялық демалыс) туралы, қайта қабылдау/ және бұйрықтың көшірмесін рәсімдеу;
  • Басқа жоғарғы оқу орнына ауысқан студенттердің жеке іс қағаздарын дайындау (сұраныс бойынша)және оларды жіберу;
  • Студенттердің контингент қозғалысы бойынша ҚР БҒМ мен бухгалтерияға берілетін айлық, жылдық есеп-қисап;
  • Алматы қаласының статистика Департаментіне 3-НК формасы түрінде статистикалық мағлұматтарды қорытындылау;
  • PLATONUS базасындағы әкімшілік есептемеге студенттердің «қозағалысы» жөніндегі электрондық есеп-қисапты іске асыру;
  • Қатаң есеп беру бланкілеріне өтінім және оның есебі (қатаң есеп беру бланкілерін қолдану туралы есептен шығару актісі және анықтамасы);
  • Барлық деңгейдегі департаменттердің әр түрлі ұйымдары үшін (сұранымдарына сәйкес) студенттердің дипломдарын растау, оқып жүрген студенттер туралы деректер беру бойынша сұранымдарға жауаптар дайындау;
  • Өтініштерге және мұрағаттық құжаттарға сәйкес бітірушілердің дипломдарын, сондай-ақ дубликаттарын рәсімдеу және беру;
  • Дипломдар мен академиялық анықтамалар бланкілерін беру және журналын жүргізу;
  • Студенттерге анықтама-растау (сұраныс бойынша), құжаттардың көшірмелерін дайындау және беру;
  • Студенттердің тіркелуі және контингент қозғалысы бойынша алфавиттік кітапты толтыру;
  • Факультет декандары мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларын студенттер құрамы жөніндегі бұйрықтармен таныстыру және оларға бұйрықтардың көшірмелерін беру;
  • Академия мұрағатына бітіруші студенттердің және оқудан шыққан студенттердің жеке іс-қағаздарын рәсімдеу;
  • Алматы қаласының студенттік емханасына студенттердің медициналық құжаттарын дайындау;

 

 

 

 

Оқу үдерісін бақылау және ұйымдастыру қызметінің басшысы 

Турдалиева Бақытжан Кәкиқызы    bakitzhan_66@mail.ru 

8 (727) 272 63 62           

Офис тіркеуші бөлімінің басшысы

Шөмшекова Әсима Әбенқызы    

8(727) 261 13 24                                    

 

Оқу үдерісін бақылау және ұйымдастыру қызметінің басшысының орынбасары

Шағанова Арайлым Ризабекқызы     arai-77@mail.ru      

8(727) 272 63 62               

                     

Студенттер бөлімінің басшысы

Әбішова Ләззат Аманжолқызы    lyazzat-abisheva@mail.ru

8 (727) 272 63 62 

 

+