Сайт картасы
қаз

Офис тіркеушілер бөлімі

Офис-тіркеушілер бөлімі (қызметтері):

  • Студенттерді тіркеу, білім алушылар таңдауы бойынша таңдау пәндеріне еркіндікті қамтамасыз ету;
  • Жеке жұмыс жоспарын қалыптастыруға қатысу;
  • Студенттер қозғалысын тіркеу (ауысу, оқудан шығу, қалпына келтіру, академиялық демалыс және т.б. туралы бұйрықтарды енгізу);
  • Студенттердің оқу жетістіктерін тіркеу (академиялық үлгерім, транскрипт, курстан курсқа көшірудегі GPA есебі ведомостьтарын даярлау, беру, есепке алу және сақтау);
  • Студенттердің аралық және қорытынды аттестацияларының өтуін ұйымдастыру;
  • Студенттерді емтихан сессиясына жіберу рейтингісін есепке алу;
  • Аттестациялық, семестрлік және емтихан ведомостьтарын беру, тіркеу және сақтау;
  • Сессия нәтижелері бойынша студенттер үлгерімі туралы қорытынды есеп жасау (№34 форма);
  • Қосымша білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында оқу жоспарларындағы академиялық берешекті жою және айырманы тапсыру үшін жазғы семестрді ұйымдастыру;
  • Оқу сабақтары мен емтихан сессияларының кестесін жасау;
  • Оқу жұмыс жоспарлары мен кафедра оқытушыларының жүктемесінің сәйкес келуін қадағалау;
  • Дәрісханалар қорын бөлу және оны пайдалану ережелерінің сақталуын қадағалау.

Офис тіркеушілер бөлімінің жетекшісі Шөмшекова Әсима Әбенқызы 
8 727 261 13 24

+