Сайт картасы
қаз

Студенттер бөлімі

Оқу үдерісін бақылау және мониторинг басқармасы

Студенттер бөлімі:

  • Студенттердің жеке іс қағаздарын контингенттің жылжуы бойынша бұйрықтарға сәйкес қабылдау, рәсімдеу, және жүргізу;
  • Бұйрықтарға сәйкес оқып жатқан студенттердің жеке іс қағаздарын сақтау және студенттердің жеке іс қағаздарына өзгеріс енгізу;
  • Студенттік, оқырман билеттерді және сынақ кітапшасын беру;
  • Студенттің жеке құрамы бойынша бұйрықтарды дайындау /курстан курсқа студенттердің көшуі, оқудан шығуы(академиялық демалыс) туралы, қайта қабылдау/ және бұйрықтың көшірмесін рәсімдеу;
  • Басқа жоғарғы оқу орнына ауысқан студенттердің жеке іс қағаздарын дайындау (сұраныс бойынша)және оларды жіберу;
  • Студенттердің контингент қозғалысы бойынша ҚР БҒМ мен бухгалтерияға берілетін айлық, жылдық есеп-қисап;
  • Алматы қаласының статистика Департаментіне 3-НК формасы түрінде статистикалық мағлұматтарды қорытындылау;
  • PLATONUS базасындағы әкімшілік есептемеге студенттердің «қозағалысы» жөніндегі электрондық есеп-қисапты іске асыру;
  • Қатаң есеп беру бланкілеріне өтінім және оның есебі (қатаң есеп беру бланкілерін қолдану туралы есептен шығару актісі және анықтамасы);
  • Барлық деңгейдегі департаменттердің әр түрлі ұйымдары үшін (сұранымдарына сәйкес) студенттердің дипломдарын растау, оқып жүрген студенттер туралы деректер беру бойынша сұранымдарға жауаптар дайындау;
  • Өтініштерге және мұрағаттық құжаттарға сәйкес бітірушілердің дипломдарын, сондай-ақ дубликаттарын рәсімдеу және беру;
  • Дипломдар мен академиялық анықтамалар бланкілерін беру және журналын жүргізу;
  • Студенттерге анықтама-растау (сұраныс бойынша), құжаттардың көшірмелерін дайындау және беру;
  • Студенттердің тіркелуі және контингент қозғалысы бойынша алфавиттік кітапты толтыру;
  • Факультет декандары мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларын студенттер құрамы жөніндегі бұйрықтармен таныстыру және оларға бұйрықтардың көшірмелерін беру;
  • Академия мұрағатына бітіруші студенттердің және оқудан шыққан студенттердің жеке іс-қағаздарын рәсімдеу;
  • Алматы қаласының студенттік емханасына студенттердің медициналық құжаттарын дайындау:

 

Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру нұсқасы

 

 

 

Студенттер бөлімінің меңгерушісі
Әбішова Ләззат Аманжолқызы lyazzat-abisheva@mail.ru
8 (727) 272 63 62

+