Сайт картасы
қаз

Оқу-әдістемелік басқарма

Оқу-әдістемелік басқарма

 

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның оқу-әдістемелік басқармасы (ОӘБ) ҚР ЖМББС талаптарына сәйкес академия кафедраларында оқу-әдістемелік жұмысын бақылайтын ең негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады.

    

Оқу-әдістемелік басқарма ҚР «Білім туралы» заңы мен бұйрықтарын, ҚР Жоғары және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы ережесін, академияның Ғылыми кеңесінің шешімін, ректордың және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың бұйрықтары мен үкімдерін басшылыққа ала отырып жұмыс істейді.

Оқу-әдістемелік басқарманың құрылымына мынадай бөлімдер кіреді: оқу, өндіріс практикасы және кәсіптік бейімделу бөлімдері кіреді.

Оқу-әдістемелік басқарма өзінің жұмысын факультеттермен, кафедралармен, басқа да бөлімдермен тығыз байланыс жасай отырып іске асырады.

 

Негізгі міндеттер:

  • Ғылыми-әдістемелік еңбектерді ұйымдастыру және енгізу, оқу барысын басқаруда оқу және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру;
  • Оқу үдерісіне қазіргі таңдағы оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды енгізу және даярлау;
  • Типтік оқу бағдарламаларын даярлау;
  • Академияның оқу-әдістемелік нормативтік және ҚР БЖҒМ құжаттарының сәйкестігінің сапасын бақылау;
  • Оқу үдерісін оқу-әдістемелік, нормативтік, ақпараттық және ұйымдастырушылық кеңес барысымен қамтамасыз ету;
  • Оқу үдерісінің тиімділігін жоғарылату, озық тәжірибені жалпылау және енгізу бойынша зерттеу;
  • Оқу үдерісін қазіргі талаптарға және академияның білім беру қызметінің даму стратегияларына сәйкес жаңғырту;
  • Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу үшін шарттарды жасау, оқу үдерісін сапалы басқару.

 

           

ОӘБ басшысы

Гизатова Гульнара Бисенгалиевна

8(727) 272 44 06

 

Кәсіби бағдарлық жұмыс, оқу-өндірістік тәжірибе және жас мамандарды орнықтыру бөлімінің басшысы

Молдажанова Галия Молдажановна 

8(727) 272 46 74

  

Біліктілікті арттыру бөлімінің басшысы

Назимхан Улдай Усеновна 

8(727) 261 11 83

+