Сайт картасы
қаз

Сәндік-қолданбалы өнер» кафедрасының профессоры Ә.Сәрсенбаевтың …

17.02.2017

17.02.2017 жылы сағат 11.00-де «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедрасының профессоры Ә.Сәрсенбаевтың ұйымдастыруымен кафедра студенттері мен оқытушылары Алматы қалалық жергілікті ІІД полиция бастығы Б.Ж.Молдыбаевпен жергілікті полиция инспекторы аға лейтенант Е.Е. Тохметовпен сұхбат кездесу өтті. Келген ІІД мамандары  студенттерге қоғамдық ортада заң талабын сақтап жүрудің негізгі қағидаларын түсіндіріп өтті. Сонымен бірге қоғамдық ортада шылым шегуге болмайтынын, жастардың төбелекске араласпауын, түнгі клубтарда арақ-шарап ішуге тыйым салынғанын айтты. Осылардың барлығы тек заңның аясында қалай қадағалатынын жастарға түсіндірді.Көптеген өмірде болған мысалдар келтірді.Студенттер арасынан қойылған сұрақтардың әрқайсысына мысалдар келтіріп жауап берілді. Әр азамат өз құқын қалай қорғау керек екенін де толығымен айтып өтті. Біздің қоғам зайырлы қоғам болғандықтан заң алдында әрбір студенттің жауапкершілікті сезінуін, заңның негізгі ережелерінен хабардар болуын атап айтып өтті.

 

+