Сайт картасы
қаз

Халықаралық қызмет

      Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Сыртқы байланыстар бөлімі – академияның сыртқы байланыстар және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамытумен қатар кешенді ұйымдастыру шараларын орындайтын құрылымдық бөлімшесі. 

       Қазіргі уақытта бөлім келесідей бағытта жұмыс атқарады:

      Халықаралық мекемелермен, қорлармен, бағдарламалармен өзара қарым-қатынас. Бөлім отандық және әлемдік нарықтарда дегдарлы мамандар мен ақыл-ой өнімдерін жемісті өрлету мақсатында халықаралық бағдарламалармен, грант беруші ұйымдармен және қорлармен бірлесе отырып кеңес беру мен ақпараттандыру аясында қызмет көрсетеді.

      Халықаралық білім беру мекемелерімен жұмыс (Британдық Кеңес, Француз Одағы, елшілік, консулдық, басқа да шет елдік өкілеттер) Бөлім студенттерге, магистранттарға, доктаранттарға және оқытушы-профессорлар құрамына жақын және алыс шетелдің алдыңғы қатарлы өнер саласындағы жоғары оқу орындарындағы кәсіби даярлау мен білім жүйесі туралы ақпарат береді. Сонымен қатар, студенттерге шетел университеттері мен басқа да оқу орындарын таңдауға көмек көрсетеді, сондай-ақ өнер саласындағы білім және ғылым байқаулары, фестивалдары мен көрмелері туралы мағлұматтар береді.

      Тіркеу қызметі. Бөлім жақын және алыс шетел студенттерін тіркеуді, шетел қонақтары мен делегацияларына виза және шақырту хаттарын дайындау, сондай-ақ оларды уақытылы тіркеуді іске асырады. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық  өнер акедемиясы халықаралық қызметтерді жоспарлы түрде жүзеге асыруда, шетелдік мәдениет, өнер және білім мекемелерімен серіктестік қарым-қатынастарды қолдау үстінде, елшіліктермен, түрлі қорлармен, орталықтармен ынтымақтастық орнатуда, сондай-ақ бұдан басқа шетел азаматтарының ішінен талапкерлерді тартуда. Академияның интернационалдандыру бойынша қызметі басқа шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз интеграциясымен қамтамасыздандыруға, басқа жоғары оқу орындарына қарағанда академияның жедел дамуының және бәсекелік артықшылығының қосымша мүмкіндіктерін алуға бағытталған. Ол академияның Жарғысына және шетелдік жоғары оқу орындармен екіжақты келісімдерге негізделе отырып жүзеге асырылады.

 

+