Сайт картасы
қаз

Академиялық ұтқырлық

  

"Vissi d'arte, Vissi d'amore"Интернационалды музыка академиясы 
РИМ (Италия) 
Малика Есмұханбетова
«Музыка өнері» факультетінің 4 курс студенті:
Римдегі "Vissi d'arte, Vissi d'amore"(Италия) Интернационалды музыка академиясындағы оқу вокалдан көп тәжірбие жинақтауыма көмектесті. Ал шығармашылықпен айналысуда тәжірбие көптік етпейді ғой! Эстрада вокалы техникасының құпияларын біліп қана қоймай, академиялық ән салудың танымдық жақтарын үйрендім.
Алғаш рет академиялық ұтқырлық туралы естіп, мұндай мүмкіндікті жібермеу керектігін біліп, шешім қабылдадым.халықаралық білім алмасу өте қажет нәрсе! Менің таңдауым Италияға, мәңгі Рим қаласына түсті. Бұл қала вокалдың Отаны болғандықтан ба, мен ол жерде жүріп, тіпті оқуға дейінгі жолда немесе тарихи жерлерге барған кішігірім саяхат кезінде менің жанымның ән салып жүргеніне көзім жетті. Және бұл ән тоқтамайды. Мүмкін шабыттану деген осы шығар!  Римде алған барлық әсерлерім мен білімімді академиядағы бітіру емтиханым мен ары қарайғы шығармашылық ізденуіме пайдаланатын боламын!

«Студенттік өмірде өз қадамдарыңды жіберіп алмай, Академиялық ұтқырлықты пайдаланып, мамандығыңыздың патшалық құрған жеріне барып, соның үрдісімен тыныс алып қайтыңдар» - деп академияның барлық студенттеріне кеңес берер едім.

Аахен қолданбалы өнерлер университеті 
Аахен (Германия) 
Рахметов Жандос
«Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің 4 курс студенті:
Аахен қолданбалы өнерлер университетіндегі оқуым мен үшін бейнелеу өнеріндегі жаңа бағыттарды ашты. Әр елден келген студенттермен бірге әртүрлі жобалармен жұмыс істедік, сонымен қатар, әрқайсысы жеке шығармашылықпен айнаысты.
Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы студентінің жұмысы мұнда да өзгеше болды. Профессор біздің жобамызды инновациялық деп атады.

NYFA Нью-Йорк киноакадемиясы
Нью-Йорк, США 
Ергалиева Амина
«Кино және телевизия» факультетінің 5 курс студенті
Мен үшін Америкаға бару бейтаныс ортада өзімді тану қадамы болды. Онда да шығармашылық адамдары, бірақ олар өз үлесін алғысы келетіндер. Ол жерге қатты қорқынышпен бардым. Бірақ Нью-Йоркте өзімнің курстастарыммен кездескендей күйде болдым. Кино өнеріне жол тартып, арманына қол жеткізгісі келіп, қолына алғаш рет камераны алғандар да болды.  Ешнәрсемен қызықтыра алмайтын адамдардың бірі болдым емес пе. Себебі сабақта оқытушылардың айтқандарының бәрін білемін деп ойлап жүрген едім, сөйтсем, мен қателесіппін. Академиядағы көңілсіз сабақтарды еріксіз есіме алдым. Керісінше сол сабақтар маған ауадай қажет екендігін білдім. Оқытушылардың қолдауымен практикадағы түсірілім алаңында және қазақы менталитеттің арқасында көп нәрсе жеңіл болды. Онға жуық жұмыс түсірдім. Олардың біреуі Индонезияда өткен кішігірім халықаралық фестивальде екінші орын алды. Мені мұхит асырып, осындай үлкен қадам жасатқан әрине, Академияда оқуымның арқасы болды.

Диплом жұмысынан көріністер

Академиялық ұтқырлық  – бұл білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді (оқу және өндірістік практиканы қосып) белгілі бір академиялық кезеңге ауыстыру. Ережеге сәйкес семестрге немесе оқу жылына білім алуға немесе зерттеу жүргізуге өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шет елге) жіберу. Өз жоғары оқу орнындағыдай білім беру бағдарламаларын міндетті түрде меңгеру қажет.

Сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық бар.

Сыртқы академиялық ұтқырлық – бұл студенттердің шет елде білім алуы, сонымен қатар, оқытушы-зерттеушілердің шет елдік білім беру және зерттеу мекемелеріндегі жұмысы

Ішкі академиялық ұтқырлық – Қазақстанның жетекші оқу орындарында білім алушылардың оқуы және оқытушы-зерттеушілердің жұмысы

Ішкі академиялық (қазақстандық) ұтқырлық – бұл студенттердің білім алуы, оқытушы-зерттеушілердің семестрге немесе оқу жылына білім алуға немесе зерттеу жүргізуге өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде) жіберу. Өз жоғары оқу орнындағыдай білім беру бағдарламаларын міндетті түрде меңгеру қажет.

Ішкі академиялық ұтқырлықты офис-тіркеуші және академиялық ұтқырлық қызметі (Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының координаторы) жүзеге асырады.

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ғы академиялық ұтқырлыққа тапсыру үшін Сізге мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Студенттің өтініші. Студенттің өтінішінде жіберуші жоғары оқу орнының толық атауы мен мекен-жайы,факультет пен жоғары оқу орнындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы координаторы туралы мәліметтер көрсетіледі. Сонымен қатар студент жайлы толық мағлұмат беріледі. Өтініште білім алушы студенттің ұтқырлық бағдарламасына қатысуға деген қызығушылығы туралы ақпарат, шет елде оқу үшін тілді меңгеру деңгейі, жұмыс тәжірибесі берілуі керек.
  2. Ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға деген келісім. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға деген келісім академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттің оқу үдерісін реттейтін негізгі құжат болып табылады.
  3. Оқығаны туралы транскрипт. Транскрипте оқу бағдарламалары туралы мәліметтер (пәннің коды), пәннің атауы, пәнді оқу ұзақтығы, оқыған бағасы (ұлттық шкалада және ECTS шкаласында),  ECTS кредитіндегі сандар.

Ұтқырлық бағдарламасына сәтті өткеніңіз туралы координаторлар Сіздің телефоныңызға және электронды поштаңызға мәлімдейді.

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша төмендегі құжаттар тапсырылады:

1) Ректордың атына өтініш;

2) Нотариальды бекітілген шақырудың қазақ немесе орыс тіліндегі көшірмесі;

3) Білім алушының өтініші;

4) Үшжақты келісімшарт;

5) Факультет Ғылыми кеңесінің көшірмесі;

6) Транскрипт;

7) Шет тілін меңгергені туралы сертификат;

8) Жеке оқу жоспары;

9) Мед. анықтама (форма №082).


Байланыс телефондары:

Тел.: 261-15-72

 

+