Сайт картасы
қаз

Шетелдік студенттер мен оқытушыларға арналған ақпарат

Шетел азаматтарын қабылдау тәртібі туралы ақпарат


 Университетке қабылдау тәртібі 

1. Құжат тапсыру. 
2. Түсу сынақтары. 
3. Оқуға шарт жасасу, оқу ақысын төлеу. 
4. Медициналық құжаттар ұсыну. 
5. Оқитындар құрамына тіркеу. 
6. Көші-қон есебіне қою. 

Құжат тапсыру және түсу сынақтары 

Түсу сынақтарына Қазақстан Республикасына ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми шақыруымен келген, сондай-ақ өз беттерімен – қонақтық немесе туристік виза арқылы келген шетел азаматтары кіргізіледі.

Жоғары оқу орнына түсем деген мақсатпен ҚР-ға өз бетімен келген шетел азаматтары қолданыстағы заңнаманы, шетел азаматтарының ҚР-да тұру ережелері мен Алматы қ. төлқұжат-визалық және көші-қон қызметінің талаптарын орындауға міндетті.

Құжаттарды қабылдау дайындықтың (мамандық) сәйкес бағытына түсушілерге қойылатын жыл сайынғы қабылдау ережелері мен талаптары қарастырған мерзімде жүзеге асырылады.Университеттің қабылдау комиссиясына өтініш (орыс тілінде) бергенде шетел азаматы келесідей құжаттар ұсынады:

  1. түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттың немесе Қазақстан Республикасындағы шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың түпнұсқасы (немесе оның белгіленген тәртіпте куәландырылған көшірмесі); немесе білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат (немесе оның белгіленген тәртіпте куәландырылған көшірмесі) деңгейінде Қазақстан Республикасында мойындалатын шет мемлекеттің білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  3. шет мемлекеттің білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжатының және оған қосымшаның (егер қосымша мұндай білім туралы құжат берілген мемлекет заңнамасында қарастырылса) белгіленген тәртіпте куәландырылған орыс тіліне аудармасы;
  4. шетелде тұратын отандастың заңнамада қарастырылған топтарға тиесілілігін растайтын құжаттардың немесе басқа да дәлелдемелердің көшірмелері;
  5. егер шетел азаматы Қазақстан Республикасына кіру визасы бойынша келсе, Қазақстан Республикасына кіру визасының көшірмесі.
  6. 2 (екі) түрлі-түсті сурет (+8 сурет оқуға қабылданған сәтте).

Қажет болған жағдайда шет мемлекеттің білім туралы берген құжаты нострификацияланады.

Нострификация – Шет мемлекеттердің білім туралы құжаттарын Қазақстан Республикасында тану шарасы.Білім туралы құжаттардың аударма мәтіні куәландырыла алады (құжат иесінің таңдауы бойынша):

Шетелдік талапкер дайындықтың (мамандық) сәйкес бағытына түсушілерге қойылатын жыл сайынғы қабылдау ережелері мен талаптарына сәйкес түсу сынақтарынан өтеді.

Шетел азаматтарының Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға қабылдануының міндетті шарты – олардың «Орыс тілі бойынша шетелдікке мемлекеттік білім беру стандартымен» белгіленген «орыс тілін жалпы пайдаланудың 1-ші сертификаттық деңгейіне» сәйкес келетін орыс тілін білуі.Талапкер құжаттар тапсырғанда қабылдау комиссиясына сәйкес «Куәлік» (Certifiсate) тапсырады.«Куәлік» болмаған жағдайда талапкер орыс тілінен Академия белгілеген үлгіде түсу емтиханын тапсырады.Егер шетелдік талапкер орыс тілінен БМЕ нәтижесін ұсынса, Университет БМЕ нәтижесін орыс тілінен түсу сынағының нәтижесі ретінде есепке алады. Түсу сынақтарынан сәтті өткеннен және ақылы білім беру қызметін көрсету туралы шарт жасалғаннан кейін шетел азаматы студенттермен жұмыс бөліміне мыналарды ұсынады:

  1. ҚР климаттық жағдайында оқу және тұру үшін әлеуметтік-қоғамдық аурулары және қарсы көрсетілімдері жоқтығы туралы жіберуші тараптың ресми денсаулық сақтау органы куәландырған медициналық ұйғарымның түпнұсқасы;
  2. Оқуға түсушіде АҚТҚ-инфекциясының жоқтығы туралы ресми орган растаған куәлік;

Көші-қон тіркеуіне қою тәртібі 

Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА халықаралық байланыстар бөлімі шетел азаматтарына (талапкерлерге, студенттерге):

  • визалық қолдауды рәсімдеуге; 
  • Көші-қон қызметі органдарына тіркеуге қоюға көмектеседі. 

Ресми шақыру (визалық қолдау) алу үшін шетел азаматы халықаралық бөлімге келесідей құжаттар ұсынуы тиіс:

  • суреті, туған күні, нөмірі және қолданылу мерзімі бар төлқұжат парағының ксерокөшірмесі;
  • визаны алу орны туралы ақпарат;
  • тұрғылықты мекенжайы;
  • Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА-ға оқуға алынғаны туралы бұйрықтан көшірме;
  • шақыру түпнұсқасын алушының байланыс мәліметтері. 

Көші-қон тіркеуіне қою және көп мәртелі оқу визасын ұзарту үшін шетел азаматы халықаралық бөлімге келесідей құжаттар тапсыруы керек:

  • ұлттық төлқұжат; 
  • ҚР шекарасын кесіп өтуі туралы көші-қон картасы; 
  • виза (ҚР визалық режимі бар мемлекеттердің шетел азаматтары үшін); 
  • көпмәртелі виза үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртек;
  • Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА-ға оқуға алынғаны туралы бұйрықтан көшірме/ Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА-да оқитыны туралы анықтама; 
  • визалық сауалнама; 
  • тіркеу түпнұсқасы; 
  • 3х4 см. өлшемді 1 сурет. 

Студент ҚР аумағына келісімен келген күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде ҚР КҚҚ бөлімінде көші-қон және төлқұжат-визалық тіркеуге тұру үшін Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА-ның халықаралық байланыстар бөліміне құжаттар тапсыруға міндетті.Сондай-ақ студентке тіркеуді және студенттік (көп мәртелі) визаны ұзарту үшін оның қолданыс мерзімі өтерден 25 күн бұрыннан кешіктірмей, Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА-ның халықаралық байланыстар бөліміне құжаттар тапсыру керек.

Қазақстан Республикасынан тыс жерге шыққанда студент Халықаралық байланыстар бөліміне өзі келіп, деканның резолюциясымен ҚР шекарасынан тыс жерге шығуға рұқсат туралы өтінішті рәсімдеуі тиіс.

Өз бетімен шығулар мен көші-қон тіркеуіне уақытылы тұрмау және тіркеу мен оқу визасын уақытылы ұзартпау үшін Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА шартты біржақты тәртіпте бұзуға және шетел азаматының ҚР-да жүру ережесін және Алматы қ. төлқұжат-визалық және көші-қон қызметінің талаптарын орындамағаны үшін оқудан шығаруға құқылы.

ҚазҰӨА-ның халықаралық байланыстар бөлімі:

№9 кабинет
телефон: +7(727)261-15-72  
e-mail: kaznaa@bk.ru

 

+