Сайт картасы
қаз

Халықаралық және алмасу бойынша білім бағдарламалары

Еуропа континентінің шәкіртақылық бағдарламалары

Erasmus + (Эрасмус Мундус) шәкіртақылық бағдарламасы – біздің еліміз бен Еуропалық Одаққа мүше елдер арасындағы тұтастық пен ынтымақтастық бағдарламасы. Бағдарлама әлемнің кез келген елінің студенттеріне магистрлік бағдарлама бойынша еуропалық университеттерде білім алу үшін айтулы шәкіртақылар (гранттар) ұсынады. Жоғары білімі туралы дипломы бар кез келген елдің (еуропа елдерінен басқа) азаматы білімі жайында тиісті құжаты және оқудағы үздік жетістіктері болған жағдайда шәкіртақы алуға өтініш бере алады. Erasmus Mundus оқуға, тұруға, тамақтануға және оқу материалына шығатын шығынды толығымен өтейтін шәкіртақылармен қамтамасыз етеді.

Erasmus Mundus бағдарламасының талаптары

Erasmus Mundus құжаттарды тапсырудың сәйкестендірілген рәсімі мен студенттерді іріктеудің бірыңғай тәртібін пайдаланады.

Кандидат ұсынатын қажетті құжаттар жиынтығы:

  • үміткербағдарлама сайтында онлайн режимінде толтырған сауалнама;
  • түйіндеме;
  • эссе (уәждемелік хат);
  • оқытушылардан екі-үш ұсынымхат;
  • жоғары білімі туралы дипломның, сондай-ақ оның қосымшаларының көшірмесі,  (шет тіліне аударылған және нотариалды куәландырылған);
  • ағылшын тілін білетіндігі туралы сертификат (TOEFL, IELTS);
  • төлқұжаткөшірмесі .

Өтінішті қалай беруге болады?

Қажетті құжаттардың скан-көшірмесін жіберу онлайн режимінде бағдарламаның ресми сайтында  жыл сайын белгіленетін мерзімде жүзеге асырылады

Қазақстандағы  Erasmus Mundus ақпараттық орталығы:

Астана қ., Ғарышкерлер к., 62, 4-қабат, тел: + 7 (7172) 97 10 40

 

DAAD (Академиялық алмасулардың германдық қызметі)

 

DAAD Академиялық алмасулардың германдық қызметі ) - студенттер және ғалымдардың халықаралық академиялық алмасуына әрекеттесетін әлемдегі ірі ұйымдардың бірі болып табылады. DAAD студенттер және ғалымдардың академиялық алмасуын ұйымдастырады және қаржыландырады, Германиядағы оқыту мүмкіндіктері және зерттеулерді жүргізу туралы хабардар етеді, сондай-ақ неміс жоо беделділігі және интернационалдығын арттыруға жағдай жасайды. DAAD қазақстандық студенттерге, жас ғалымдарға және мамандарға, оқытушыларға және ғалымдарға 10 нан артық шәкіртақылық неміс, сондай-ақ ағылшын тілдерінде қол жетімді бағдарламаларды ұсынады.
 

 DAAD бағдарламасына қойылатын талаптар

Үміткерлер ұсынатын қажетті құжаттар пакеті:

  • қатысуға арналған өтінімнің толтырылған бланкі
    http://www.daad.kz/ru/14889/index.html;
    http://www.daad.kz/ru/14889/index.html )
    * автобиография;
    * эссе (уәждеме хат);
    * оқытушылардан ұсыныс хаттар;
    * неміс және/немесе ағылшын тілдерін білуі туралы тілдік сертификат
    (DSD II, TestDaF, DSH, OnDaF / TOEFL, IELTS);
    * мектеп аттестатының көшірмесі;
    * диплом/транскрипт көшірмесі.

Өтінімді қалай беруге болады?

Үміткерлер  https://portal.daad.de/irj/portal DAAD порталында құжаттарды жүктейді, сондай-ақ өтінімдерді  DAAD аймақтық өкілдіктеріне жібереді:  Алматы қаласы, Иванилов көшесі 2, ФРГ Бас елшілігі, Мәдениет бөлімі.

Толық ақпаратты сіз DAAD IC Almaty http://www.daad.kz/ru ресми сайтынан ала аласыз 

Қазақстандағы  DAAD ақпараттық орталығы:

Алматы қаласы, Қазақстандық-Неміс университеті, Пушкин көшесі, 111/113, кеңсе
18., тел.: 727 293 90 35

 

Конфуций институтының шәкіртақылары

                                                   

Қытай тілінің және қытай мәдениетінің бүкіл әлемде дамуын қолдау мақсатында «Конфуций институтының шәкіртақылары» студенттерге шет тілі ретінде қытай тілін оқыту саласында (MTCSOL) Қытай университеттерінде магистр дәрежесін алуды, сонымен қатар қытай тілі мен әдебиеті, Қытай тарихы мен философиясы секілді мамандықтар бойынша білім алуды ұсынады.

«Конфуций институтының шәкіртақылары» бағдарламасының талаптары

Кандидат ұсынатын қажетті құжаттар жиынтығы:

Ең әуелі кандидаттар сайтқа кіріп,  «Конфуций институтының шәкіртақылары нысанын»толтырып, келесі құжаттардан тұратын электрондық файлдардың скан-көшірмелерін салулары қажет :

  • сауалнама;
  • фотосурет жапсырылғантөлқұжат бетінің скан-көшірмесі;
  • HSK және HSKK сертификаттарының скан-көшірмелері;
  • дипломның және соңғы оқу орнынан берілген, оқу орны куәландырған үлгерім жайлы бланкінің қытай және ағылшын тілдеріне аудармасы;
  • профессордан немесе доценттен екі ұсынымхат (қытай немесе ағылшын тілдерінде);
  • магистрлік бағдарламаны аяқтаған соң кемінде 5 жыл бойы шет тілі ретінде қытай тілінің оқытушысы болып жұмыс істеуге даярлығы туралы қытай тілінде жазылып, үміткердің қолы қойылған жазбаша  растама қағаз.

Өтінішті қалай беруге болады?

Тиісті құжаттардың скан-көшірмелерін жібеу онлайн режимінде жыл сайын бағдарламаның ресми сайтында белгіленетін мерзімде жүзеге асырылады.

Қазақстандағы Қытай елшілігінің байланыс мәліметтері: 

Алматы қ., Байтасов к., 12, тел.: + 7 (727 2) 70-02-21, 70-02-22

Астана қ., Қараөткел, A3, тел: +7 (7172) 22-11-06.

 

 

Зерттеушілерге арналған Орталық Азия шәкіртақылық бағдарламасы зерттеулері мен талдамалы машықтарының аясын кеңіткісі келетін, сондай-ақ өз елдерінде қоғамдық-саяси көшбасшы болуға талпынған жас кәсіби ғалымдарға, саясат саласындағы сарапшыларға арналған.

Зерттеушілерге арналған Орталық Азия шәкіртақылық бағдарламасының талаптары

Кандидат ұсынатын қажетті құжаттар жиынтығы:

  • эссе (уәждемелік хат);
  • бағдарлама құжаты бойынша ағылшын тілінде берілген тақырыпта жазылған қысқаша ұсыныс (2013 жылдың тақырыбы: Орталық Азия елдеріндегі 2014 жылдан кейінгі қауіпсіздік)
  • түйіндеме (бес беттен аспауы тиіс);
  • Орталық Азия аумағында тұрақты тұратынын растайтын құжат (мекенжай анықтамасы).

Өтінішті қалай беруге болады?

Тиісті құжаттар жиынтығын PDF нысанында CAFellows@sipri.org электронды поштасы арқылы жіберу қажет.

 

+