Сайт картасы
қаз

Шетелдік тағылымдамалардан өту туралы ереже

Академия студенттерінің шетелдік тағылымдамаларын іске асыру жұмыстары  факультеттер мен кафедралар мәліметтер негізіне сүйене отырып күнтізбелік жылға алдын ала құрастырылады. Студенттердің шетелдік тағылымдамасы келесідей жолмен жүзеге асады:

  • шарттар, келісімдер және меморандумдар аясында;
  • білім беретін және ғылыми мекемелерден арнайы шақыртулар негізінде. 

Студенттер тағылымдамадан өту үшін шетелдік жоғары оқу орнын  өз бетімен таңдай алады. Қабылдап алатын жоғары оқу орнында сәйкес  келетін мамандық пен білім бағдарламасының орындалуы шарт.

ШЕТЕЛДІК ТАҒЫЛЫМДАМАЛАРДЫ  РӘСІМДЕУ

Академия студенттері шетелдік тағылымдамаларды рәсімдеу үшін ойланған іссапар мерзімінен 3 апта (таяу шет елдер), 6 апта (алыс шет елдер) бұрын келесідей құжаттар тізімін сыртқы байланыстар бөлімінің және академиялық ұтқырлық бойынша мамандарына тапсыруы қажет:

  1. Ғылыми жетекшісінің, кафедара меңгерушісінің және факультет деканының қолдарымен ректор атына жеке өтініш;
  2. Шетелдік жоғары оқу орнынан тағылымдамадан өту үшін шақырту-хат көшірмесі;
  3. Шақырту аудармасы, шетел тілінде болған жағдайда;
  4. Шетелдік тағылымдамадан өту бағдарламасы. Бағдарлама негізінде Академия студенттері тағылымдаманың жеке бағдарламасын құрастырады.

Академия басшылығы оң шешім қабылдағаннан кейін шетелдік тағылымдамаларға студенттерді іссапарға жіберу туралы бұйрық дайындалады. 

Шетелдік жоғары оқу орнына тағылымдамадан өтуге жіберліген студенттер міндеттері төмендегідей:

  1. Іссапарға бару өтінішін алдын ала беру;
  2. Тағылымдамадан өту туралы бұйрықта көрсетілген мерзімдерді сақтау;

Шетелдік тағылымдамадан өту туралы бұйрықты шығару үшін құжаттарды рәсімдеу тәртібі бұзылса, сондай-ақ сол бұйрықта көрсетілген мерзімнен тыс уақытта кетіп келуі оқу үрдісін бұзу болып табылады.

  1. Шетелдік жоғары оқу орнына шығуға келелі себептің пайда болған жағдайында растау құжаттары тіркелген ректор атына жазылған дәлелді өтініш жолдануы тиіс
  2. Қабылдаушы жоғары оқу орнының ішкі тәртібі және жарғысы сақталуы тиіс. Шетелдік жоғары оқу орнына барудың бұзылуы туралы бұйрық сәйкесінше рәсімделеді.

ВИЗАНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ  

Алыс шет елдерге шығатын студенттерге шығу визасын рәсімдеу қажет. Виза ойланған іссапар мерзіміне дейін рәсімделеді. Визаны* рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

  • Сұраныс жасалған визаның аяқталуынан 6 ай бойы жарамды және визаны жабыстыру мен шекаралық белгі қою үшін бос беттері бар паспорт (шетелдік) + көшірмесі;
  • 1 түрлі түсті фото, 3,5x4,5 форматында;
  • университеттен бланкте жасалған шақырту түпнұсқасы;
  • қонақ үйден немесе студенттер жатақханасынан тұратын жері туралы растау;
  • неке, туу туралы куәліктер көшірмесі;
  • оқу орнынан анықтама;
  • сақтандыру;
  • шотта қаржы бар екендігі туралы және соңғы 3 айдың ішінде қаржының қозғалысы туралы банктен анықтамалар;
  • екі жаққа авиабилеттер брондерінің көшірмесі.

*Қажетті құжаттар тізімі Консульдық талабына сәйкес толықтырылуы мүмкін.

ЕСЕП ТӘРТІБІ  

Шетелдік тағылдамадан өткеннен кейін студенттер сертификаттарын, куәліктерін, анықтамалар және т.с.с., растау құжаттарын, сонымен қатар іссапар есебін жетекшілікке тапсырады.

Есепке келесідей құжаттар тіркелуі тиіс:

  1. Іссапар куәлігі
  2. Орналасу құжаттары
  3. Транспорттық шығындар бойынша құжаттар.

 

+