Сайт картасы
қаз

Визалық қолдау

 Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттер мен оқытушыларға визалық қолдау көрсетеді. Шақырылған студенттер мен ОПҚ-ға ҚР визасын дайындау мақсатында академия ҚР ІСМ консульдық қызмет департаментінде тіркеліп алдын ала визалық қолдауын рәсімдейді.

 

Төменде оқу/студенттік виза алу үшін қажетті құжаттары мен шетелдердің тізімі беріледі:

 

Шенген визасы

  1. Фото 3,5х4,5 – 2 дана.
  2. Паспорт (виза мерзімінің аяқталғанынан кейін кем дегенде үш ай күшін жоғалтпауы тиіс; кем дегенде екі бос парақшасы болуы тиіс)
  3. Медициналық анықтама
  4. Қонақ үй брондалуының растамасы
  5. Екі жаққа әуежай билеттерінің брондалуы (егер іштей қозғалыстар болса, олар көрсетілуі қажет)
  6. Ақашалай қаржы бар болуы туралы анықтама және соңғы үш айда қаржылай қозғалыстар көшірмесі
  7. Жұмыс/оқу орнынан анықтама, демалыс/іс-сапар жөнінде бұйрық көшірмесі
  8. Қазақстандағы отбасы жағдайыңыз туралы құжаттар (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі)

Консулдық алым – 60 еуродан

 

АҚШ:

  1. Паспорт көшірмесі
    2. Студенттің шетелдік ЖОО-на оқуға қабылданғанын растайтын шақыру-хаты
    3. АҚШ-та оқу үшін толтырылған сауалнама
  2. 5х5 см. көлеміндегі электронды фото
    5. Оқудың және жатын орын шығындарын өтейтін, студенттің/ ата-ананың/ демеушінің шотында қаражатының болуы туралы банктен көшірме (бұл сома шақыру-хатында жазылады)
    6. Туу туралы куәлік
    7. Ата-анасының неке туралы куәлігінің көшірмесі
    8. Меншігі туралы анықтамалар көшірмелері (бар болған жағдайда)
    9. Кәмелетке жетпеген студенттер үшін: нотариалды расталған екі ата-ананың еріп жүруінсіз шығуға рұқсатының көшірмесі
    http://www.ustraveldocs.com/

 

Ұлыбритания

Оқу немесе студенттік виза алу үшін қажетті құжаттар тізімі: 
1. Қолданылу мерзімі 6 айдан кем емес, Ұлыбританияға берілген визаны жапыстыруға жеткілікті орны бар, мерзімі өтпеген шетелдік паспорт;
2. Шетелдік паспорттың бірінші бетінің көшірмесі;
3. 3,5х4,5 көлемдегі екі түрлі түсті сурет (ақ түсті фонда)
4. Ұлыбританияның жоо-нан шақырту қағазының түпнұсқасы;
5. Ұлыбританияға виза алу үшін толтырылған сауалнама. Сауалнама онлайн режимінде Visa4UK сайтында толтырылып, баспадан шығарылып және өз қолымен қол қойылады;
6. Оқудың және жатын орын шығындарын өтейтін, студенттің/ ата-ананың/ демеушінің шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банк шотынан алынатын көшірме (бұл сома шақыру-хатында жазылады)

  1. Соңғы жарты жылға (транзакция)банк шотындағы ақшалай қаржының қозғалысы туралы банктан анықтама;
  2. Егер, мерзімі өткен шетелдік паспортта бұрын берілген Ұлыбритания визасы болса, онда бұл паспорт та берілуі тиіс; 
    9. Кәмелет жасқа толмаған студенттерге (18 жасқа дейін) нотариалды расталған ата-аналарының еріп жүруінсіз шет елге шығуға рұқсатының көшірмесі болуы тиіс. Егер, студент екінші ата-анасымен баратын болса, бірінші ата-анасының нотариалды расталған рұқсаты болуы қажет;
  3. Мекен жай анықтамасы (тұрақты мекен жай анықтамасы)
    11. Барлық ұсынылатын құжаттардың көшірмелері.
    https://www.gov.uk

 

Қазақстан Республикасының алыс және жақын шетелдермен ҚР азаматтарының визасыз кіруі туралы бір қатар келісім-шарттары бар. Сіз шығып бара жатқан елде Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим болуын Қазақстан Республкасының Сырқы істер министрлігінің ресми сайтынан тексеруіңізге болады - http://mfa.gov.kz/index.php/ru/kuku1uk14uu14 

 

Келетін шетелдік студенттер үшін визалар:

Сыртқы байланыстар мен академиялық ұтқырлық бөлімі Академияда білім алу үшін шетел азаматтарына визалық қолдау көрсетеді.

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алуға келетін шетелдік студенттер елімізге оқу визасы негізінде кіруі тиіс.

 

+