Сайт картасы
қаз

«Ғылым апталығын» өткізу туралы ақпарат

15.04.2019

«Ғылым апталығын» өткізу туралы ақпарат

 

      Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2019 жылдың 15-19 сәуір аралығында "Гуманитарлық білім беруді жаңғырту: ғылым, мәдениет, өнер" тақырыбында "Ғылым апталығын" өткізеді.

      Өткізу мақсаты - Академия қызметіндегі ғылымның рөлін күшейту, ҚР және Орталық Азияда мәдениет пен өнер саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу орталығы ретінде Академия имиджін нығайту.

      "Ғылым апталығы" аясында "Жастар жетістігі-ұлт жетістігі" атты жас ғалымдардың халықаралық форумы өтеді, оған Қазақстан, Ресей, Польша, Жапония, Ауғанстан, Грузияның және т.б.мемл. ғылым, мәдениет және өнер саласындағы студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары қатысады.

      "Ғылым апталығын" Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Маемиров Асхат Максимұлы ашады.

      "Ғылым апталығы" аясында Академия факультеттері Қазақстанның жетекші ғалымдарының қатысуымен ғылым, мәдениет және өнер мәселелері бойынша өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстелдер мен кездесулер, дәрістер өткізеді. Сонымен қатар, көрмелер мен вернисаждар өтеді.

                                        

Кері қайту Афиша
+