Сайт картасы
қаз

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

24.09.2019

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 

Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы

                              

                                                                         АҚПАРАТТЫҚ ХАТ                                                    

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

      Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы 2019 жылдың             7 қазанында, Алматы қаласында психол.ғ.д., профессор С.К.Бердібаеваның 60-жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі білім кеңістігіндегі өнер және психология» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

        

КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒЫТТАРЫ:

  1. Білім жүйесі мен өнердегі стресс және стрессменеджмент.
  2. Өнер әлеміндегі адамның зияткерлік әлеуеті: психологиялық және әлеуметтік-мәдени аспектілері
  3. Тұлғаның рухани дамуындағы өнердің, психология және педагогиканың рөлі

 

      Конференцияның жұмыс тілдері - қазақ, орыс, ағылшын.

      2019 жылдың 20 қыркүйегіне дейін ұйымдастыру комитетінің kaznai.conf@mail.ru электрондық поштасына мақала мәтінін (файлдың атауы: автордың аты-жөні, мақала); конференцияға қатысу үшін өтініш (тіркелген үлгі бойынша) жіберілуі тиіс.

      Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар: Баяндама көлемі -  5 бетке дейін, мәтін редакторы Microsoft Word, негізгі шрифт Times New Roman; қаріп өлшемі – 14, азат жол - 1,25 см; жоларалық интервал – 1. Азат жол: жоғарғы жағы - 2,0 мм, төменгі жағы - 2,0 мм, оң жағы - 2,0 мм, сол жағы - 3,0 мм.

      Тақырыпты рәсімдеу: ТАҚЫРЫП АТАУЫ (жоғарғы жағының ортасынан – тасымалсыз жазба қалың әріптермен), одан әрі бір жолдан кейін ортасына қарай – автордың аты-жөні; келесі жолға жоғары оқу орнының атауы, қаласы, елі; хабарласу үшін автордың Е-mail (жолдың ортасына); бір жолдан кейін - мақала мәтіні жазылады (аннотация қазақ және орыс тіліндегі баяндамалар үщін ағылшын тілінде; ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін қазақ тілінде жазылуы тиіс. Келесі жолдан негізгі мәтін). Пайдаланған әдебиеттер қолданылу ретіне қарай тік жақшамен беріледі.

      Конференцияға қатысу жарнасы: 4000 тг.

      Конференция жарнасын Ә. Кекілбаев көщесі, 133. №54 кабинетке тапсыру керек немесе Исабекова Тоты ИНН 870110402675

      kaspi GOLD 5169497117951214 картасына жіберіңіздер.

      Байланыс телефондары: моб. +77016977728, жұмыс тел.: 8 (727) 3951250

      Ұйымдастыру комитеті материалдарды жарыққа шығару үшін іріктеу құқығына ие. Ресімдеу талаптарына сай келмейтін немесе ұйымдастыру комитеті берілген уақыттан кеш жіберілген материалдар конференция мақалалар жинағына қосылмайды және авторларға қайтарылмайды.

      Баяндаманың ғылыми мазмұнына, стилистикасына, грамматикасына, пунктуациясына Ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Барлық жауапкершілік автордың өзіне жүктеледі.

      Конференцияға шығындарын (қонақ үй, жол шығындары тб.) қатысушылар өздері төлейді.

 

Рәсімдеу үлгісі:

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

А.Ш. Ахметова

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Алматы қ.

ahmetova@mail.ru

 

Аңдатпа

Мәтін мәтін мәтін мәтін

Әдебиеттер:

Қатысуға өтініш

Тегі, аты-жөні (толығымен)

 

 

ЖОО атауы

 

Қаласы, Елі

 

 

Қатынас телефоны

 

 

Электрондық пошта

 

 

Баяндама тақырыбы

 

 

 

Кері қайту Афиша
+