Сайт картасы
қаз

28.03.2017.Шетелдік мамандардың шеберлік-кластары

16.03.2017

27-30 наурыз 2017 жылы Алматы қаласы, Панфилов көш. №127.

«Бүгінгі дәуірдегі театр өнері. Теория және тәжірибе» атты халықаралық театр күніне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференцияны өткізу формасы қатысушылардың тікелей қатысуымен, сол сияқты онлайн түрінде жүргізіледі.

Конференцияны өткізудің негізгі міндеті заманауи қоғамдағы ұлттық және инновациялық стратегия шеңберінде шығармашылықтың аспектілерін талқылау бойынша дискуссиялық алаңды құру, заманауи театралдық өнер жағдайы бойынша ақпараттандыру, тәжірибе, білім және идеялармен алмасу мақсатында шығармашылық мамандықтар бойынша дарынды мамандарды тарту болып табылады.

27 наурыз күні конференция аясы бойынша бірінші қабаттың фойесінде және оқу театры фойесінің алдында «Сценография мен киім дизайны» кафедрасының студенттері мен оқытушылары КӨРМЕСІ ашылады.

28 наурыз күні пленарлық мәжілістің негізгі баяндамашылары:

* Құлбаев Аман Бекенұлы өнертану кандидаты, профессор. ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінің деканы.

* Арсентьева Нина Николаевна Ресей Федерациясының еңбек сіңірген артисі, Санкт-Петербург Мемлекеттік консерваториясының доценті

* Қабдиева Сәния Дүйсенханқызы өнертану кандидаты, профессор. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі

* Туляходжаева Мухаббат Турабовна өнертану докторы, Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік өнер институтының профессоры

* Обаев Есмұхан Несіпбайұлы Қазақстан Республикасының Халық артисі, «Актер шеберлігі мен режиссура» кафедрасының профессоры

* Хамидова Марфуа Азизовна өнертану докторы, Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік өнер институтының профессоры

* Maриелена Рокю –Каталония-Испанияның тәуелсіз суретшісі, Халықаралық ойын және бейнелеу өнері университет-академияларының доценті.

 

Конференцияның секциялық мәжілісінде баяндамалар жасалады:

* мәдениет және өнер саласындағы ғылыми қызметкерлер;

* шығармашылық білім жүйесіндегі педагогикалық қызметкерлер;

* Отандық және шет елдік кәсіби шығармашылық қоғамдастығының өкілдері.

27-29 наурыз Академия студенттерінің шығармашылық жұмыстары көрермен назарына ұсынылатын болады, атап айтқанда

* 4 курс студенттерінің дипломдық «Пай-пай жас жұбайлар» спектаклін көру. Көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген әртісі, доцент М.Ахманов

* М.Әуезовтің «Еңілік Кебек», 4 курс студенттерінің дипломдық спектаклінің көрсетілімі. Көркемдік жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор Р.А. Машурова

* 4 курс куыршақ бөлімі студенттерінің дипломдық «Алқызыл гүл» спектаклінің көрсетілімі. Көркемдік жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген Оразалы Ақжарқын Сәрсенбек

* 3 курс «Король Лев» спектаклінен үзінді. Көркемдік жетекшісі, Халық әртісі, профессор А.Әшімов

Конференцияның аясында шеберлік сыныпқа шет елдік мамандар, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері, профессорлар, мәдениет және өнер теоретиктері мен практиктері.

Конференцияның жинақтамалары мен іс шараның фотоесебін Академияның сайтынан конференция аяқталған соң көруге болады.

 

 

Қатысуға ниет білдірушілерді шақырамыз!

Мекен жайымыз: Панфилов, 127 көш. Бөгенбай батыр қиылысы

E-mail: theatreconf@kaznai.kz

Анықтамаға арналған телефон: +7(727) 2729904

 

 

 

Кері қайту Афиша
+