Сайт картасы
қаз

Биыл Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Максимұлы Маемировтің тікелей қолдауымен академияның сценограф-студенттерінен …

17.06.2019

      Биыл Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Максимұлы Маемировтің тікелей қолдауымен академияның сценограф-студенттерінен құралған команда 6-16 маусым аралығында Қазақстандық сценография халықаралық деңгейде студенттердің «Қазақ Ертегілерінің ғажайып елестету күші: еркін шарықтау инстинкті» (‘The power of imagination in Kazakh Ertegi Tales: instincts of free fight’) тақырыбындағы ғылыми-шығармашылық жобасын көрсетті. Халықаралық жобаның координаторы және кураторы академияның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қабыл Заманбекұлы Халықов болды.

      Сонымен қатар, Қазақстандық көрме экспозициясын даярлау мен насихаттауға тікелей Каролина Жағалауы Университетінің (АҚШ) профессорлары PhD Анна Олдфиелд, PhD Эмма Хоуес, «физикалық театр» профессоры Бэнжамин Сота бірлескен жобаға ат салысты.

      «Прага Квадренниалі -2019 қорытындысы бойынша «Сценография» кафедрасының студенттері Аружан Болат, Айша Ибадулла, Александра Поминова, Ирина Писарюк және Гүларша Жанабай Халықаралық Конкорд академиясының І-ші және ІІ-ші дәрежелі дипломдарына ие болды. «Сценография» кафедрасының меңгерушісі, өнертану докторы, профессор Сангуль Камалқызы Қаржаубаева Халықаралық Конкорд академиясының «Пифагор» медалімен марапатталды.

      «Kazakh Fairytales» и «Аттила мен Аэций» халықаралық жобаларын жемісті ұйымдастырып, іске асырғаны үшін куратор, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қабыл Заманбекұлы Халықов Халықаралық КОНКОРД Академиясының шынайы мүшелігіне қабылданды және Жоғары Марапатқа – Халықаралық КОНКОРД академиясының Орденімен марапатталды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+