Сайт картасы
қаз

2017 жылдың 3-22 сәуір аралығында "Көркем грим" курсы өтуде.

14.04.2017

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2017 жылдың 3-22 сәуір аралығында "Көркем грим" курсы өтуде. Курста С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрынан, Ақтау қаласы Манғыстау облыстық қуыршақ театрынан, Семей қаласы  Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрынан, Жамбыл облыстық қазақ драма театрларының гримерлері мен тағы да басқа грим өнерін үйренемін деген тыңдармандар дәріс алып жатыр. Курсты Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының грим пәнінің оқытушысы, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ балалар және жасөспірімдер академиялық театрының гримері Бейсембекова Бекзат Елемесовна жүргізуде.

 

 

 

Кері қайту Оқиғалар
+