Сайт картасы
қаз

«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы

25.01.2016

 «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы 18-23 қаңтар аралығында «Этносольфеджио пәнінің Оқу бағдарламалары мен әдістемесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсының семинары өткізілді (жетекшісі – ө.ғ.д., профессор Г.Н.Омарова).

Қазақстанның әр өңірінен (Астана, Атырау, Көкшетау, Тараз, Алматы) келген этносольфеджио пәнінің оқытушыларына Семинардың бағдарламасына сай Этносольфеджио пәнінің практикасы және теориясы бойынша дәрістер оқылды, семинарлық сабақтар өткізілді, кафедра студенттерімен  ашық сабақтар көрсетілді.

22 қаңтарда Астана және Алматының музыкалық ЖОО-ның этносольфеджио пәнінің бастаушы оқытушыларының қатысуымен біліктілікті арттыру курсының аясында Дөңгелек үстел өтті (проф. Г.Н.Омарова, проф. Г.Т.Альпеисова, аға оқытушы А.К.Байбек, проф. Р.С.Малдыбаева,). Сол күні Оқу театрында этносольфеджио, музыкалық-этнографиялық және концерттік практика  тәжірибесі бойынша кафедра студенттері  жетістіктерін көрсетті. Ол 2013-2014 ж.ж. Моңғолияда өткізілген фольклорлық экспедиция материалы бойынша деректі фильмде, «Қазақтың үйлену салты» театралдандырылған қойылымда, «Ән-күй-жыр» концерттік бағдарламасында (жүргізушісі - Р.Ө.Стамғазиев) көрініс тапты.

 

Кері қайту Оқиғалар
+