Сайт картасы
қаз

Дюссельдорф қаласындағы біліктілікті арттыру курстары

01.02.2016

2016 жылдың 17-27 қаңтар аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның оқытушылары мен қызметкерлері Академия ректоры Нүсіпжанова Б.Н. және оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Алдамбергенова Г.Т. басшылығымен Дюссельдорф (Германия) қаласында «Кәсіби білім беру саласындағы менеджмент» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп келді.

Курс бағдарламасы бойынша профессор Оливер Плацектың «Стратегиялық жоспарлау және оның үдерістері (Европа жоғары оқу орындарының тәжірибесі)», «Германия жоғары оқу орындарындағы сапа менеджменті», «Жоғары мектептердің Халықаралық аккредитациядан өтуі» тақырыптарында дәрістер, сонымен қатар практикалық сабақтар мен тренингтер тыңдалды.  Аталмыш топ Дюссельдорф қаласының Генрих Гейне атындағы университетінде, Клара Шуман атындағы Жоғары музыка мектебінде және Кельн университетінде іскерлік кездесулер мен презентациялық көрсетілімдерге қатысты.

Аахен қаласының қолданбалы ғылым Университеті мен Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА арасындағы келісімшартқа сәйкес екі жоғары оқу орындары ректорларының іскерлік кездесулері өтіп, алдағы ынтымақтастық жұмыстарын дамыту және бірлескен білім беру бағдарламасын құрастыру, тараптар өкілдерінің қатысуымен жаңа жобаларды дайындау бойынша сұрақтар талқыланды. Дизайн факультетінің деканы Х.Якобс Академия делегациясын заманауи техникалармен жабдықталған  зертханалармен, оқу шеберханаларымен және аудиториялармен таныстырды.

Дюссельдорф қаласындағы біліктілікті арттыру курстары Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу үдерісінің интернационалдандыру концепциясын жүзеге асыруда маңызды кезең болды.

Кері қайту Оқиғалар
+