Сайт картасы
қаз

Мұражай қызметінің негізгі бағыттары

29.08.2016

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

2016 жылдың 20 мен 30 қыркүйек аралығында "Мұражай қызметінің негізгі бағыттары" бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсына шақырамыз. (кез-келген уақытта сұраныс бойынша курс өткізуге мүмкіндік бар)

Бағдарламада мұражай жұмысының негізгі бағыттарының теориялық және тәжірибиелік мәселелері енгізілген:

  1. Мұражайдың ғылыми-зерттеу жұмысы
  2. Мұражайдың ғылыми-қор жұмысы
  3. Мұражайдың экспозициялық жұмысы
  4. Мұражайдың мәдени-ағарту жұмысы
  5. Мұражай ісіндегі менеджмент және маркетин
  6. Алматы қаласының мұражайларына бару (ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы, Ықылас атындағы Республикалық халық музыкалық аспаптары мұражайы, әскери-тарихи мұражай, архологиялық мұражай және т.б. )
  7. Жамбыл Жабаев атындағы мемориалды мұражайына бару (Алматы обл.)
  8. Алматы төңірегіне саяхат таңдау арқылы (Медео, Бутаковка, ашық аспан астындағы мұражай «Есік қорғаны», ашық аспан астындағы мұражай - қорығы «Танбалы», «Боралдай сақ қорғаны» Алатау ауданы, Алматы қ.)

Курс жетекшісі профессор, к.и.н., доцент, музейтанушы, ИКОМ мүшесі Мусаханова Мадина Зульпухаровна.

Курсқа арнайы білімі және жоғарғы білімі бар тыңдармандар қабылданады.

Оқу ақысы 56 000тг - 72 сағат

Курсты бітірген тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

Жол және тұратын жер шығындары жіберуші жағынан.

Курсқа жазылу үшін:

  1. Тыңдарман өтінім (заявка) толтырып, электронды почта kaznaiPK@mail.ru арқылы жіберуі керек немесе 8(727)261-11-83, 8 777 580 42 14 телефондары арқылы хабарласуға болады.
  2. Жеке куәлігі (көшірме)
  3. Білімі туралы диплом (көшірме)
  4. Келісім-шарт
  5. Оқу үшін төленген түбіртек

Заявка

Кері қайту Оқиғалар
+