Сайт картасы
қаз

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

14.09.2016

Ақпараттық хат!

Құрметті Әріптестер!

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚҰЖҒА академигі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ЖАК профессоры, «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі Дариға Тұранқұлқызының еңбек жолына 50 жыл толу қарсаңында Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында 2016 жылдың 5-10 қазан аралығында өтетін "Сөйлеу мәдениеті мен техникасы" атты біліктілікті арттыру курсына шақырамыз.

Курсты жүргізетін сөз шеберінің маманы, білікті ұстаз, профессор Д.Тұранқұлқызы.

Курс аяқталғаннан кейін белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

Біліктілікті арттыру курсына қатысам деушілер бір апта бұрын біліктілікті арттыру институтының kaznaiPK@mail.ru эл. поштасына немесе 8(727)261-11-83, 8 777 580 42 14 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз. Курс ақысы 30 000 теңге.

Курсқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:

  1. өтінім (№1 қосымша)
  2. жеке куәлік (көшірмесі)
  3. диплом (көшірмесі)
  4. келісімшарт (2 дана)
Кері қайту Оқиғалар
+