Сайт картасы
қаз

21.09.2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БӨЛІМІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

            2016 жылдың 10 мен 15 қазан  аралығында "Пантомиманың актер шеберлігіндегі маңызы мен мағынасы"  бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсына шақырамыз. (кез-келген уақытта сұраныс бойынша курс өткізуге мүмкіндік бар)

Бағдарламада қарастырылатын мәселелер:

1. Қимыл-қозғалыс техникаларын дамыту және үйлестіру;

  1. Икемділік пен ырғақ;
  2. Музыкалық және эмоциялық қалыпты дамыту;
  3. Сахналық кеңістіктерді игеру бағыттары;

            Курс жетекшісі 11 жылдық тәжірибесі бар пантомима шебері, "Сахна пластикасы" кафедрасының ұстазы Тленшиев Ернар Бейсенбекович.

            Курсқа мәдени ұйымдардың қызметкерлері мен ұстаздар, актерлар мен мұражай        қызметкерлері және кәсіби біліктілігін арттырамын деген арнайы білімі және жоғарғы білімі бар тыңдармандар қабылданады.

Оқу ақысы 30 000тг.- 36 сағат

            Курсты бітірген тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

            Жол және тұратын жер шығындары жіберуші жағынан.

 

Курсқа жазылу үшін:

  1. Тыңдарман өтінім (заявка) толтырып, электронды почта kaznaiPK@mail.ru арқылы жіберуі керек немесе 8(727)261-11-83, 8 777 580 42 14 телефондары арқылы хабарласуға болады.
  2. Жеке куәлігі (көшірме)
  3. Білімі туралы диплом (көшірме)
  4. Келісім-шарт
  5. Оқу үшін төленген түбіртек

 

Кері қайту Оқиғалар
+