Сайт картасы
қаз

2016 жылдың 10 мен 15 қазан аралығында "Өнер тарихы" курсына шақырамыз.

03.10.2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БӨЛІМІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

            2016 жылдың 10 мен 15 қазан  аралығында "Өнер тарихы"  бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсына шақырамыз. (кез-келген уақытта сұраныс бойынша курс өткізуге мүмкіндік бар)

Бағдарламада қарастырылатын мәселелер:


  1. Алғашқы қауым өнері;
    2. Ежелгі Египет өнері;
    3. Антикалық өнер;
    4. Орта ғасыр өнері;
    5. Италиядағы Ренессанс өнері;
    6. Солтүстік Еуропадағы Ренессанс өнері;
    7. Барокко және классицизм өнері;
    8. ХVIII ғасыр өнері: рококо және ағарту өнері;
    9. Романтизм және жаңа классицизм;
    10. Импрессионизм және постимпрессионизм;
    11. ХХ ғасыр өнері;

            Курс жетекшісі өнертану кандидаты, "Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы" кафедрасының профессоры Батурина Ольга Владимировна.

            Курсқа кәсіби біліктілігін жетілдіремін деген арнайы және жоғары білімі бар  тыңдармандар қатыса алады.

 Оқу ақысы 30 000тг.- 36 сағат

            Курсты бітірген тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

            Жол және тұратын жер шығындары жіберуші жағынан.

 

Курсқа жазылу үшін:

  1. Тыңдарман өтінім (заявка) толтырып, электронды почта kaznaiPK@mail.ru арқылы жіберуі керек немесе 8(727)261-11-83, 8 777 580 42 14 телефондары арқылы хабарласуға болады.
  2. Жеке куәлігі (көшірме)
  3. Білімі туралы диплом (көшірме)
  4. Келісім-шарт
  5. Оқу үшін төленген түбіртек

 

 

Кері қайту Оқиғалар
+