Сайт картасы
қаз

24 мен 29 қазан аралығында «Авторлық кино драматургиясы мен кинорежиссура негіздері»курсына шақырамыз

05.10.2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БӨЛІМІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

            2016 жылдың 24 мен 29 қазан аралығында «Авторлық кино драматургиясы мен кинорежиссура негіздері» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсына шақырамыз (кез-келген уақытта сұраныс бойынша курс өткізуге мүмкіндік бар).

Бағдарламада қарастырылатын мәселелер:

- Кіріспе. Кино өнерінің ерекшеліктерін анықтау;
- Кинематографтағы шындық поэтикасы;

- Киноның синтездік мәселелері;
- Кинорежиссураның рөлі, қызметтері;
- Монтаж – шығармашылық ойлау тәсілі ретінде;
- Монтаж – кинематографтың тілі;
- Кинокомпозиция.
Курс жетекшісі кинорежиссер, "Құрмет" орденінің иегері, доцент Өмірбаев Дәрежан Қаражанұлы.

          Курсқа кәсіби біліктілігін арттырамын деген арнайы білімі және жоғарғы білімі бар тыңдармандар қабылданады.

Оқу ақысы 30 000 тг. – 36 сағат.

          Курсты бітірген тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

          Жол және тұратын жер шығындары жіберуші жағынан.

Курсқа жазылу үшін:

  1. Тыңдарман өтінім толтырып, электронды почта kaznaiPK@mail.ru арқылы жіберуі керек немесе 8(727)261-11-83, 8 777 580 42 14 телефондары арқылы хабарласуға болады.
  2. Жеке куәлігі (көшірме)
  3. Білімі туралы диплом (көшірме)
  4. Келісім-шарт
  5. Оқу үшін төленген түбіртек

 

Кері қайту Оқиғалар
+