Сайт картасы
қаз

«ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ЕУРОПА ТЕАТРЫ» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсына шақырады.

24.10.2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

БІЛІМДІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ БӨЛІМІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

 

          Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы 2016 жылдың 14 - 18 қараша аралғында «ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ЕУРОПА ТЕАТРЫ» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсына шақырады.

          Курсты өнертану кандидаты, Ресей мемлекеттік сахна өнері институты  және Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институтының доценті Евгений Александрович Слесарь жүргізеді (Санкт-Петербург, РФ).

Бағдарламада қарастырылатын  тақырыптар:

 

  1. Францияның экзистенциялық драмасы: Ануй, Сартр, Камю
  2. Абсурд драмасы (М. Фриш, Ф. Дюрренматт, Ж. Жене, С. Беккет, Э. Ионеско).
  3. ХХ ғасырдың испан драматургиясы.
  4. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Англияның сахна өнері мен драматургиясы.
  5. Польшаның сахна өнерінің мен драматургиясының қалыптасуы мен дамуы.
  6. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ-тың сахна өнері.

 

          Курсқа кәсіби біліктілігін арттырамын деген арнайы білімі және жоғарғы білімі бар тыңдармандар қабылданады.

Оқу ақысы 10 000 тг. – 36 сағат.

          Курсты бітірген тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

          Жол және тұратын жер шығындары жіберуші жағынан.

Курсқа жазылу үшін:

  1. Тыңдарман өтінім толтырып, электронды почта kaznaiPK@mail.ru арқылы жіберуі керек немесе 8(727)261-11-83, 8 777 580 42 14 телефондары арқылы хабарласуға болады.
  2. Жеке куәлігі (көшірме)
  3. Білімі туралы диплом (көшірме)
  4. Келісім-шарт
  5. Оқу үшін төленген түбіртек
Кері қайту Оқиғалар
+