Сайт картасы
қаз

Шахимарден Құсайнов өткізетін "Драматургияға оң қадам" атты біліктілікті арттыру курсына шақырамыз.

11.11.2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БӨЛІМІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

          2016 жылдың 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында танымал жазушы-драматург, сценарист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Шахимарден Құсайнов өткізетін "Драматургияға оң қадам" атты біліктілікті арттыру курсына шақырамыз.

Бағдарламада қарастырылатын мәселелер:

  1. Тақырып таңдау;
  2. Көрермен аудиториясы;
  3. Драматургиялық мектептер;
  4. Жанр заңдылықтары;
  5. Архетип;
  6. Хронотоп;
  7. Сюжет;
  8. Мотивтер;
  9. Мифологема;
  • Практикалық жаттығулар мен фильмдер көрсетілімі;

  Курсқа кәсіби біліктілігін арттырамын деген арнайы білімі және жоғарғы білімі бар тыңдармандар қабылданады.

Оқу ақысы 30 000 тг. – 36 сағат.

          Курсты бітірген тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

          Жол және тұратын жер шығындары жіберуші жағынан.

Курсқа жазылу үшін:

  1. Тыңдарман өтінім толтырып, электронды почта kaznaiPK@mail.ru арқылы жіберуі керек немесе 8(727)261-11-83, 8 777 580 42 14 телефондары арқылы хабарласуға болады.
  2. Жеке куәлігі (көшірме)
  3. Білімі туралы диплом (көшірме)
  4. Келісім-шарт
  5. Оқу үшін төленген түбіртек
Кері қайту Оқиғалар
+