Сайт картасы
қаз

2016 жылдың 21 мен 26 қараша аралығында "Дауыс қалыптастыру сабағын жүргізу әдістемесі" бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсына шақырамыз.

15.11.2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БӨЛІМІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

          Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2016 жылдың 21 мен 26 қараша аралығында "Дауыс қалыптастыру сабағын жүргізу әдістемесі"  бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсына шақырамыз.

          Дауысты табиғи тембрлік қалпында сақтап, жетілдіру, дауыс көркемдік бояуын ұзақ жылдар бойына қалтқысыз еңбек етуге тәрбиелеу вокал ұстазының басты міндеті. Тыңдаушылар аталған тақырып аясында дауыспен  жұмыс істеу әдістемесін меңгереді.

          Курс жүргізетін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сапарғалиева Гүлдана Ғалымқызы.

          Курсқа арнайы білімі және жоғарғы білімі бар тыңдармандар қабылданады. Курс мектеп, колледж, жоғары оқу орны ұстаздарына арналған. Оқу ақысы 30 000тг - 36 сағат

          Курсты бітірген тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

          Жол және тұратын жер шығындары жіберуші жағынан.

Курсқа жазылу үшін:

  1. Тыңдарман өтінім (заявка) толтырып, электронды почта kaznaiPK@mail.ru арқылы жіберуі керек немесе 8(727)261-11-83 телефон арқылы хабарласуға болады.
  2. Жеке куәлігі (көшірме)
  3. Білімі туралы диплом (көшірме)
  4. Келісім-шарт
  5. Оқу үшін төленген түбіртек

 

 

Кері қайту Оқиғалар
+