Сайт картасы
қаз

"Орта білім беру саласындағы музыка мұғаліміне әдістемелік нұсқаулар" бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсына шақырамыз.

29.11.2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БӨЛІМІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

          Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2016 жылдың 19 мен 24 желтоқсан аралығында "Орта білім беру саласындағы музыка мұғаліміне әдістемелік нұсқаулар"  бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсына шақырамыз.

                  Музыка сабағын қазіргі заман талаптарына сай, сабақта қолданылатын іс – әрекеттерді сабақтастыра отырып жүргізу мәселесі – бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Қазіргі техникалық – ақпараттық даму кезеңінде баланың музыкаға қызығушылығын арттыру, оның әдістемесі тақырыптың басты міндеті.

          Курс жүргізетін доцент Карамолдаева Галина Джумабековна.

          Курсқа арнайы білімі және жоғарғы білімі бар тыңдармандар қабылданады. Курс мектеп, колледж, жоғары оқу орны ұстаздарына арналған. Оқу ақысы 30 000тг - 36 сағат

          Курсты бітірген тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

          Жол және тұратын жер шығындары жіберуші жағынан.

Курсқа жазылу үшін:

  1. Тыңдарман өтінім (заявка) толтырып, электронды почта kaznaiPK@mail.ru арқылы жіберуі керек немесе 8(727)261-11-83 телефон арқылы хабарласуға болады.
  2. Жеке куәлігі (көшірме)
  3. Білімі туралы диплом (көшірме)
  4. Келісім-шарт
  5. Оқу үшін төленген түбіртек

 

 

Кері қайту Оқиғалар
+