Сайт картасы
қаз

Телерадиожүргізушілер курсы

15.02.2017

Телерадиожүргізушілер курсы

          Егер сіз жаңа ғана орта мектепті бітірген болсаңыз немесе жоғары білім туралы дипломды баяғыда алған болсаңыз, дегенмен де осы күнге дейін шығармашылық ортада болуды армандап жүрген болсаңыз Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы сіздің армаңызды орындайды. Сіздің жасыңызға қарамастан: небәрі 17 –де немесе 30-дан ассаңыз да біздің оқу орнымызда қосымша кәсіби білім алуға және кез келген іспен айналысуға мүмкіндігіңіз бар.

          Бір қарағанда телерадиожүргізуші кәсібінде күрделі нәрсе жоқ: тек қана алдын ала дайындалған мәтінді кадрда оқу немесе айту керек. Бірақ, сырттай қарапайымдылықта қажырлы еңбек жатыр: оқыту үдерісінде болашақ теледидар жүргізушілері көркем және сауатты сөз сөйлеуді, камера алдында өзін сенімді ұстауды үйренеді, сондай-ақ сұхбат алу шеберлігі мен түсіру алаңдарында психологиялық жайлы жағдай орната білуді игереді. Мұндай және бұдан өзге көптеген дағдыларды Телерадиожүргізушілер курстарында академияның кәсіби оқытушыларынан үйренесіз.

          Курстарда игерген дағдылар кез келген адамға көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысты жұмыс табуға, дұрыс сөйлеуге, қандай да бір сөзді жеткізе алуға және өз ойларын тұрықтандыруға көмектеседі.

- журналистика негіздері;

- редакциялау және құрастыру негіздері;

- радио және тележүргізушінің шеберлігі;

- диктордың шеберлігі мен тіл техникасы;

- пластика негіздері;

-стилистика;

Оқыту ұзақтығы: 2 ай.

Сабақ аптасына 2 рет 3 акад.сағаттан өтеді.

Күндізгі (сенбі және жексенбі) және кешкі топтар 19.00-ден 22.00-ге дейін.

Оқу ақысы 1 айға  48 000 тг.

Курсты аяқтаған соң Т.Жүргенов ат.ҚазҰӨА-ның белгіленген үлгідегі сертификаты беріледі.

Курстарға жазылу мен нақты ақпаратты мына телефондар бойынша білуге болады: 261-11-83, 8 777 580 42 14

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

АБЗЕЛБАЕВ МУРАТ НАЗТАЕВИЧ- Т.Жүргенов ат.ҚазҰӨА-ның профессоры, Қазақстан Республикасының Театр қайраткерлері одағының мүшесі, "Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері", «Құрмет» белгісінің иегері , Көркемөнер Академиясының корреспондент-мүшесі, халықаралық және республикалық байқаулар мен концерттік  бағдарламалардың жүргізушісі.

 

 

 

  

АБИЛДИНА ГАЙНИЖАМАЛ-кинотеледраматург, режиссер, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Т.Жүргенов ат.ҚазҰӨА-ның профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, экран шебері, қазақстандық кинопедагогиканың негізін қалаушы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАХАРОВА ГЮЛЬНАЗ ГУЛАМДУЛОВНА - Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА-ның доценті, режиссер-хореограф

 

Кері қайту Оқиғалар
+