Сайт картасы
қаз

Академиясы 2017 жылдың 3 - 15 сәуір аралғында «ТЕЛЕРАДИОЖҮРГІЗУШІ ШЕБЕРЛІГІ» курсына шақырамыз.

22.02.2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

БІЛІМДІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ БӨЛІМІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

 

          Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы 2017 жылдың 3 - 15 сәуір аралғында «ТЕЛЕРАДИОЖҮРГІЗУШІ ШЕБЕРЛІГІ» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсына шақырады.

          Курсты Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА-ның профессоры, Қазақстан Республикасы Театр қайраткерлер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Көркемөнер академиясының корреспондент мүшесі, кәсіби диктор, Халықаралық және Республикалық байқаулар мен концерттік бағдарламалардың жүргізушісі АБЗЕЛБАЕВ  МУРАТ  НАЗТАЕВИЧ  жүргізеді.

Бағдарламада қарастырылатын  тақырыптар:

 

  • сөйлеу техникасы;
  • жүргізуші шеберлігі;
  • кадрда жұмыс жасау;
  • телерадиожүргізушінің ақпаратты жеткізу формасы;
  • стиль және бейне (имидж);

 

          Курсқа кәсіби біліктілігін арттырамын деген арнайы білімі және жоғарғы білімі бар тыңдармандар қабылданады.

Оқу ақысы 56 000 тг., өтетін уақыты сағ. 16.00-19.00

          Курсты бітірген тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.

          Жол және тұратын жер шығындары жіберуші жағынан.

Курсқа жазылу үшін:

  1. Жеке куәлігі (көшірме)
  2. Білімі туралы диплом (көшірме)
  3. Оқу үшін төленген түбіртек

 

Байланыс телефондарымыз 8(727)261-11-83, 8 777 580 42 14

 

 

Кері қайту Оқиғалар
+