Сайт картасы
қаз

Докторлық диссертациясының мәтінінің аңдатпасы кіріспе

Елдос Болатұлы Мертеновтің 6D041600 – Өнертану мамандығы бойынша  PhD доктор ғылыми дәрежесін алуға ұсынылған

 «Қазақстанның қазіргі заманғы өнерін дамыту тұрғысында еуразиялық идеяның рухани-эстетикалық әлеуеті» докторлық

диссертациясының мәтініне

АННОТАЦИЯ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жүз жылдық тарихы бар Еуразиялық  қозғалыс қазіргі уақытта нағыз Ренессансты бастан өткеріп жатыр.  Еуразиялық идеяны қайта жаңғыртудың бастамашысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың  болуы  бізге, қазақстандықтар үшін айрықша қуанышты. Президенттің  1994 жылғы бастамасы жай ғана серпін емес, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саланың барлық аспектілеріндегі қазіргі заманғы болмыстың прагматикалық қажеттілігі екендігін уақыт көрсетті.

Біз еуразиялық идеяның оның қазіргі заманғы тұрғысында нақты қайта қарастыруға және жаңартылған ұғымға мұқтаж деп пайымдаймыз. Еуразиялық феноменді шетелдік ғылымның белсенді әрі жан-жақты зерделуі аясында қазіргі уақытта Қазақстанда өзекті ғылыми материалдар, әсіресе көркемдік феномен ретіндегі еуразиялық тұрғыдағы ғылыми материалдар айтарлықтай аз жиналғанын атап өтеміз.

Біз еуразиялық феномен  орасан зор зерттеу алаңы болып табылатынын түсіне отырып, басты назарды көркем шығармашылыққа, атап айтқанда бейнелеу өнеріне шоғырландыруға ниеттіміз. Ол орнауына еуразиялық идея аса маңызды рөл атқарған, қалыптасқан  әлемдік картинаны түпкілікті көрсетуге қабілетті деп пайымдаймыз.

Көркемдік шығармадағы әлемдік тұжырымдама ретіндегі еуразиялық идеяның философиялық-эстетикалық көрінісі зерттеу объектісі болып табылады.

 Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнеріндегі (кескіндеме, графика, мүсін) еуразиялық тұжырымдаманың эстетикалық мәнмәтіні зерттеу нысанасы болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның қазіргі заманғы өнерін дамыту тұрғысында еуразиялық идеяның рухани-эстетикалық әлеуетін анықтау.

Зерттеудің міндеті:

  • көркем шығарма форматындағы еуразиялықтың алғашқы хабаршысы ретінде ориентализмнің теоретикалық көздерін зерделеу;
  • еуразиялық идея тұрғысында «Шығыс-Батыс» дихтоматиясының негізгі эстетикалық параметрлерін сипаттау;
  • мәдениеттерді жақындастыруға негізделген әлемдік тұжырымдама ретіндегі еуразиялық идеологияның көркемдік-эстетикалық ядросының – тұтастығы мен үйлесімділігінің мәдени-философиялық негізін ашу;
  • еуразиялық тұжырымдама тұрғысында мәдениетті өзара байыту феноменін зерттеу;
  • еуразиялық идеяға өзекті сипат беру аясында қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті дамытудың эстетикалық және мәдени аспектілерін талдау;
  • Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің эволюциясындағы еуразиялық идеяның орны мен маңызын анықтау.

Проблемалардың зерделену дәрежесі. Классикалық еуразиялықтың проблематикасы көпқырлы және оның пәнаралық сипаты классикалық және қазіргі заманғы ғылыми зерттеулердің кең ауқымын зерделеуді көздейді.    Осыны ескере отырып, зерттелетін әдебиеттерді төрт топқа бөлген орынды: 1) диссертацияда қарастырылатын философиялық және ғылыми проблемаларға арналған жалпы әдебиеттер; 2) алғашқы дереккөздер – ғылыми жұмыстар, мақалалар мен «еуразиялықтардың» өз сөздері;                              3) шетелдік және ресейлік ғалымдардың еңбектеріндегі философия, тарих, мәдениеттану мен өнертану саласындағы еуразиялық идеялогияның  қазіргі заманғы зерттеулері; және төртінші топқа шартты түрде «нақтылаушы» деп атау беріп, оған  қазақстандықтардың   осы саладағы еңбектерін жатқыздық. Біз сондай-ақ еуразиялық, тәңірлік және қазіргі заманғы өнерге арналған тарихшылардың көптеген еңбектеріне, мәдени-философиялық және өнертану зерттеулеріне жүгіндік.

Біз осы зерттеулердің шеңберінде еуразиялық тұжырымдаманың жалпы философиялық негіздерін зерделеу мәселелерінде Н.А. Бердяевтың,                          В.В. Зеньковскийдің, И.А. Ильиннің, В.М. Бехтеревтың, Ф. Шлегельдің,                         Х. Дж. Маккиндердің, П.М. Бициллидің, В. Гумбольдттың, П.С. Гуревичтің, М.Я.Корнееевтің, Т.Б. Длугачтың және көптеген  т.б. еңбектеріне сүйендік.

Диссертациялық зерттеудің тақырыбын ашу үшін еуразиялықтың негізін идеялық тұрғыдан салушылардың,  атап айтқанда Н.С. Трубецкойдың,                        П.Н. Савицкийдің, П.П. Сувчинскийдің, А.С. Лурьенің, Г.В. Флоровскийдің, В.К. Никольскийдің, Г.В. Вернадскийдің, Л.П. Карсавиннің және т.б. алғашқы дереккөздері құнды болады.

В.Н. Ильиннің, В.Э. Сеземанның, Н.П. Толлдың, Хара-Даван Эрендженаның және т.б. еңбектерінде Еуразияның мәдениеті, өнері, мифологиясы мен  дінінің өзге де аспектілерін ашатын еңбектерге айрықша назар аударылды.

Қарастырылып жатқан проблематика тұрғысында ғылыми әдебиеттің құрамдас тобына  шетелдік және ресейлік әдебиеттегі философия, тарих, мәдениеттану мен өнертану саласындағы еуразиялықтың қазіргі заманғы зерттеулері  енді. Олардың ішінде ориенталистика және көркем ориенталистика саласындағы шетелдік философтар, мәдениеттанушылар мен өнертанушылардың еңбектері бар. Бұл  Эдвард Саидтың, Джон Маккензидің, Кристина Пельтрдің, А.Г. Дугиннің, Е. Шнейдердің, И. Кутейникованың,                    Е. Богатыревтың, С.Д. Серебрянныйдың және т.б. еңбектері.

Э С.С. Хоруженің еңбегі, И.Г. Вишневецкийдің, А.В. Ивановтың, И.В. Фотиеваның, М.Ю. Шишиннің монографиясы эстетика аясында еуразиялықты қарастыру үшін маңызды негіз болды.

 

«Қазақстандық» тарихи және мәдени-философиялық мәнмәтін отандық ғалымдардың, атап айтқанда М.Қ Әбусейітованың, В.П. Юдиннің, Ю.А. Зуевтың, Г.К. Шалабаеваның, С. Қоңдыбайдың, А.И. Оразбаеваның, Н.Н. Крадиннің, Ш.Ж. Тоқтабаеваның, З. Наурызбаеваның және басқалардың зерттеулерінде орын алды.   

Келесі еңбектер тобын қазіргі заманғы отандық өнертанушылар                     Р.А. Ерғалиеваның, М.Э. Сұлтанованың,  Х.Х. Тұрыспекованың және басқалардың зерттеулері  құрайды.

Қорғауға шығарылатын ереже.

  1. Көркем шығармашылықтағы «Шығыс-Батыс» оринтализмі мен дихотомиясының теоретикалық негіздері саласында қолданыстағы ғылыми әдебиеттегі зерттеулер негізінен музыкалық мәдениет пен әдебиетке жатады, бұл гуманитарлық ғылымда осы феноменді зерделеуді айтарлықтай шектейді.  Бұл ретте, барлық зерттеулер іс жүзінде орыс және ресейлік мәдениет материалдарына шоғырландырылған.  Қазіргі заманғы Қазақстанның көрнекі өнерін (кескіндеме, графика, мүсін) қарастыру өнертанудың осы саласын айтарлықтай кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ  бүгінгі болмыста Еуразияның басқа елдерінің көркемдік мәдениетіндегі ұқсас процестерін  салыстырып талдауға арналған бірқатар критерийлерді әзірлеуге мүмкіндіки береді.
  2. Тұтастық пен үйлесімділіктің көркемдік-эстетикалық идеалында көрсетілген еуразиялық әдіснамалық тұжырымдар әлемдік тұжырымдама ретінде ХХ ғасырдың көркем шығармасында көрініс тапқан, бұл еуразиялық мәдениетті тарихи негізделген және тұтастықтың объективті дамуы ретінде дамытудың ортақ үрдістері туралы айтуға мүмкіндік береді.
  3. Қазақстанның қазіргі заманғы көрнекі өнерінің (кесікдеме, графика, мүсін) шығармалары қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның еуразиялық идеяны көркемдік және көркемдік емес салаларда өзекті сипат беруге ұмтылысының ортақ үрдісін барынша айқын көрсетеді. 
  4. Еуразиялық идея және олардың рухани-эстетикалық әлеуеті Қазақстанның қазіргі заманғы өнерінің жолын іздестіруді айқындап қана қоймай, сондай-ақ Қазақстан өнертануының өзекті бағыты – еуразиялық мәдениеттің ерекшелігін (еуропалық және азиялық көркемдік шығармашылықтың синтезі секілді) зерделеуді айрықша қатарға бөлуге жәрдемдеседі.

Зерттеу жұмыстарының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

 «Еуразиялық феноменді зерттеудің философиялық-эстетикалық негізі» атты бірінші бөлімде әлемдік көркем өмірдегі тарихи ретроспективадағы ориенталистикалық танымның эволюциясы зерттеледі. Автор «ориентализм» терминінің мәнін дәйекті талдады, атап айтқанда, бұл сөз әртүрлі тарихи кезеңде батыс европалық мәдениетте қандай мағыналық жүктеме арқалайтындығын, жалпы, өнер тарихында қолдануға болатындығын айқындады.

 «Өнерді рухани түсіндірудегі еуразиялық идея» атты екінші бөлімде  еуразиялық философияның өнерді рухани түсіндіруге деген ықпалы зерттеледі. Диссертация авторы еуарзиялықтың кең және әртараптылығын ескере отырып, зерттеулерді үш философиялық санатта: идеал, тұтастық пен үйлесімділікте көрсетілген философиялық-эстетикалық  мәнмәтінге  шоғырландырады.

 «Қазақстандық өнерді дамытудың өзіндік  жолын рухани түсіндірудегі еуразиялық идея» атты үшінші бөлім Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеті жағдайында еуразиялық идеяны зерттеуге арналған, бұны автор ХХ ғасырдың басында пайда болған рухани және құндылықтар жүйесінің дағдарысынан шығу жолын іздестіру деп ұғынған.

   Қорытындысында диссертациялық зерттеудің қорғауға ұсынылған  ережесіне тұжырымдар қалыптастырылады.    Зерттеу нәтижелері мен негізгі ережелер жеті ғылыми жарияланымдарда, соның ішінде ҚР Білім және ғылым саласындағы қадағалау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда,  Scopus компаниясының деректер базасына кіретін импакт-факторы бар халықаралық ғылыми басылымдарда, ғылыми-практикалық конференция материалдарында баяндалған.

+