Сайт картасы
қаз

6D041600 – өнертану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациялық жұмысына

6D041600 - Өнертану мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алуға ұсынылған  Малик Флоберович Мукановтың «Қазақстанның заманауи гобелен өнеріндегі көркемдік бейне» докторлық диссертациясы мәтініне АҢДАТПА     

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Бүгінде гобелен өнерінде соңғы уақытта пайда болғанындай Қазақстан көркемөнерінің бір де бір саласында көркемдік түрлерінің саналуандығы сірә жоқ шығар. Бұған республика қалаларының көркемдік галереялары мен көрмелік залдарда өткізілетін көптеген көрмелер мен вернисаждар куә. Қазіргі уақытта қол тоқымашылығы өнері көркемдік ықпалдың әмбебап заңдарға бағынышты шығармалар құру үшін тоқымалық материалдың өзінің жарамсыздығы туралы түсінікке  күмән келтіріп, «Қолданбалы өнердің» тар шеңберінен шықты. Көркемдік бейнелерде және құрылымдарда адамзат болмысы мәселесін бейнелеуге қабілетті, әрі білдірудің дербес құралы ретінде жаңа тоқымашылық өнер тілінің айқын қалыптасқандығын көрсетті. 

Өзінің түптамырымен дәстүрлі қолданбалы өнер мен орта ғасырлық кезеңдегі өнерге бір табан жақын көркем шығармашылықтың бұл саласы соңғы он жылдықта жаңа көркемдік және технологиялық мәндегі құралдармен, дәстүрлі емес қалыптасу тәсілдерімен, басқа да көркемдік-бейнелік, философиялық мағынамен толықты. Диссертациялық жұмыс отандық өнертануда өзекті және аз зерттелген бірыңғай мәдениет кеңістігінде ұлттық тоқымашылық мектебін дамыту феноменін зерттеуге және көркем тоқымашылық саласында дәстүрлі және заманауи авторлық шығармашылықтың түрлі саласындағы өзара әрекет ету мәселесіне, яғни жаңа көркемдік синтез мәселесіне арналған.

Аталған диссертацияның зерттеу нысаны ХХ ғасырдың 70 жылдарының басындағы ұлттық мектептің пайда болу сәтінен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстандағы гобелен өнері болып табылады.

Зерттеу мәні – заманауи Қазақстан гобелен өнерінде ұлттық көркемдік бейнелердің киелі-мифологиялық және символикалық мәнін анықтау және талдау

Жұмыс мақсаты – Қазіргі Қазақстан гобелен өнерінде ұлттық көркемдік бейнелердің сюжеттік-тақырыптық және көркемдік-стилисткалық ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу міндеттері

- Философиялық, психологиялық және өнертанушылық қырынан «көркемдік бейне» түсінігін анықтау;

- Көркемдік бейнені шығармашылық санаты ретінде анықтау және оның өнер шығармашылығы құрылымындағы орнын табу;

- Әлемдік көркемдік тәжірибе мағынасында Қазақстанда гобелен ұлттық мектебі өнерінің дамуы мен қалыптасуына тарихи-өнертанушылық талдау өткізу;

- Заманауи гобелен өнерінде қазақ дәстүрлі мәдениетінің киелі-мифологиялық және символикалық аспектілерін білдіретін тақырыптар мен сюжеттер шеңберін анықтау.

- Қазақ көркем тоқыма ұлттық мектебінде бар және дамып жатқан негізгі бейнелеу-стилистикалық бағытты анықтау;

Қазіргі Қазақстанның гобелен өнеріндегі ұлттық көркемдік бейнені құрудағы сипатты ерекшеліктерінің жіктелуі.

Мәселенің зерттелу дәрежесі

Қазақстан гобелені кәсіби өнерін жүйелі зерттеуге арналған диссертациялық жұмыстар отандық өнертану ғылымында жоқ. Қазақстан гобелені шеберлерінің альбомдары мен каталогтарына өнертанушылар С.Шкляева, А.Ералы, А.Калинина, У.Аязбекова, Н.Вулл, Б.Барманкулова, Ж.Беристеновалардың шолу сипатындағы мақалалары бар.   

Сонымен қатар қазақ заманауи гобелені тақырыбына екі іргелі еңбектердің арнайы бөлімдері: 1 том С.А.Шкляеваның мақалаларымен «Қазақстанның өнер тарихы» (2011ж.) үш томдығы сериясынан 1 том «Қолданбалы өнер» және К.К.Муратаевтың «Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер» («Қазақ өнері» 5 томдық жинағы, 2013ж.) екінші томында арналады.

Зерттеудің методологиялық базасы

Аталған диссертациялық зерттеудің кешенді сипаты ғылыми білімнің түрлі саласының көздерін қолдауды қарастырады.

Пәнаралық тәсілге байланысты диссертацияның теориялық негізін ірі философтардың, мәдениеттанушылардың, өнертанушылардың, тарихшылар мен археологтардың жұмыстары құрады.

Шетелдік ғалымдардан: Р. Арнхейм, Р. Барт, М. Фуко, А. Дж. Тойнби, О. Шпенглер, Р. Генон, К. Г. Юнг, М. Бейгел, Д. Соди, Х. К. Вергос, Б. Роуз, М. Прицкер, М. Стингл, С. И. Гессен, У. Г. Томсон, Г. Сино, Е. Д. Паульс, А. Очир, А. Р. Харди.

Ресей ғалымдарынан: В. Д. Уваров, П. С. Гуревич, М. С. Каган, В. И. Савицкая, О. И. Киселева, Н. К. Соловьев, Т. К. Стриженова, С.О. Хан-Магомедов, И. А. Азизян, В. И. Гуляев, Г. Г. Ершова, А. Н. Шукурова, Е. Б. Мурина, А. Раппапорт, О. Копенкина, Д. В. Чурсин, А. Рыков, Л. Монахова, Р. Коваль, И. Рюмина және басқалары.

Қазақстандық ғалымдардан: А. Х. Маргулан, К. Ш. Нурланова, А. И. Мухамбетова, Ш. Е. Валиханов, Б. Ибраев, Р. Е. Ергалиева, Г. К. Шалабаева, А. С. Галимжанова, Х. Х. Труспекова, Б. К. Барманкулова, С. А. Шкляева, К. К. Муратаев, Н. Г. Шаймердинова, Б. Кокумбаева, А. Мухамедиулы, Ж. Шайкен, Д. С. Шарипова, С. Ж. Кобжанова, А. С. Табышалиева, В. С. Ольховский, Г. Ш. Елеукенова, А. Досымбаева, З. Самашев, А. Н. Марьяшев, С. Е. Ажигали, Р. А. Бекназаров, М. Жолдасбеков, К. Сарткожаулы, Ж. Каржабайулы, Э. М. Байтенов, А. К. Нарымбаева.

Зерттеудің фактологиялық базасы қазақстандық суретшілердің шығармаларының түпнұсқалары, суреттері мен репродукциялары, сонымен қатар Қазақстан, Ресей, Франция, Венгрия және әлемнің басқа да елдерінен шыққан тарихи және өнертанушылық мақалалар болып табылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

Диссертациялық жұмыста алғаш рет қазіргі Қазақстан гобелен өнерінде ұлттық көркемдік бейнелерді суретшілермен іздеу процесі жүйелі түрде қарастырылып, сонымен қатар қазіргі отандық гобелен өнері құрылымында ұлттық көркемдік бейненің мәні мен орны талданады. 

Автормен қазақстандық көркем тоқымашылық саласында бейнелік-тұжырымдамалық,  әсем әрі көркем ізденістерінің кеңдігін куәландыратын жаңа ақпарат ғылыми дағдысы енгізілді.

Көркем тоқыманы тек қолданбалы өнердің бір түрі ғана емес сонымен қатар білдекті және монументалды түрлерде дамитын бейнелеу өнері ретінде қарастыру ұсынылды.

         Қорғауға шығарылған ережелер

  1. Ұлттық көркемдік бейне және оның заманауи гобелен өнеріндегі шығармашылықпен жүзеге асу аспектілері қазақ суретшілерінің өзін-өзі анықтауының авторлық тәсілі мен мәдениет құндылығы болып саналады.
  2. Өзінің пайда болған сәтінен бастап мыңжылдықтар ауысқан кезеңге дейін гобелен «эпикалықтан метафизикаға дейін» (Р.Ергалиева) эволюциялық жолдан өтті. Аталған көркемдік процесс сюжеттік-бейнелеу эстетикасы мен қатар гобелен бойынша суретшілердің кәсіби шеберлігінің жаңа деңгейіне қол жеткізуде де ауысуы ретінде білінді.
  3. Қазақ суретшілерінің гобелен бойынша жетекші тақырыптарының бірі әлемнің тәңірлік моделінің архетипиялық бейнелерінің киелі-мифологиялық және сиволикалық мазмұнын іздеу және олардың метафоралық түрде жиі шешілетін көркемдік бейнелер құралымен шығармашылық өзектендірумен білдіреді.  
  4. Заманауи қазақ гобелені өнерінің қалыптасу және даму процесінің минимализм эстетикасының мәдени феномені көркемдік бейнелердің ұлттық аспектілерінің жаңа білдіру формаларын іздеу және іске асыру үшін экспериментті алаң болып саналады.
  5. Қазіргі көркемдік тоқымашылық өнерінде гобелен тақырыптары мен сюжеттерінің мифоэкологизациясы Қазақстанда бұл өнердің түрін әріқарай дамытуға арналған өзекті бағыттардың бірі болып табылады.
  6. Қазақстанның гобелен өнерінде көркемдік бейненің этнографиялық белгілерін іске асыру басқаларымен қатар ұлттық идеяларды іздеу процесін білдіреді. Әлеуметті рухани және мәдени жетілдіру тақырыбы жаһанданудың жаңа жағдайында әрі әлемді кескінсіз біріздендіруге әкеліп соқтыратын халықтар арасында этнографиялық айырмашылықтың жойылуы одан сайын өзектендіре түседі.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы

Диссертациялық жұмыс кіріспеден, алты бөлімшелі екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған деректер тізімінен және авторлық гобелендер иллюстрациялы қосымшаларынан тұрады.

Бірінші бөлімде «Қазіргі қазақ гобелен өнеріндегі көркемдік образ және оның пайда болуының эстетикалық-бейнелеу аспектілері» «образ», «көркемдік образ» және «ұлттық көркемдік образ» түсініктері, сонымен қатар олардың бейнелеу өнерінің құрылымындағы орны мен маңызы анықталады. Қазақ гобелені ұлттық мектебінің қалыптасу көздері мен оның негізгі бейнелеу-эстетикалық бағыттары қарастырылады. Қазіргі гобелен өнерінде қазақтың дәстүрлі мәдениетінің киелі-мифологиялық және символикалық аспектілерін білдіретін тақырыптар мен сюжеттер шеңбері анықталады.

Екінші бөлімде «Қазіргі қазақ гобелен өнері: феномендер, даму жолдарын іздеу  және мәселелер» автормен қазіргі қазақ гобелен өнерінде дамып келе жатқан минимализм эстетикасы – мәдениет феноменінің стиліне талдау жүргізіледі.  Сонымен қатар бірқатар жұмыстарда көркемдік образдар мен композиция сюжеттерінің мифоэкологизациясы үдерісі анықталады. Қазақ гобелені өнерінде авторлық идеяларды білдірудің жаңа құралдарын іздеу бойынша жас суретшілердің шығармашылығы қарастырылады.

Қорытындысында аталған ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша тұжырымдар келтіріледі.

Зерттеу нәтижелері мен негізгі ережелер 15 ғылыми мақалаларда, оның ішінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын бақылау комитетімен ұсынылған 4 ғылыми басылымдарда, 3 мақала Scopus компаниялар мәліметтер базасына кіретін халықаралық ғылыми басылымдарда, 1 жұмыс шетелдік ғылыми журналда және 8-і жоғары оқу орындары конференцияларын қосқанда халықаралық конференциялар мен симпозиум материалдарында көрсетілген.

Диссертация Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы» кафедрасының отырысында талқыланды және қорғауға ұсынылды.

+