Сайт картасы
қаз

Халықаралық жобалар

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлтық өнер академиясы ғалымдары  «Батыс-Венгер Университеті» және «Славян мәдениетаралық ғылыми-зерттеу тобы» ғалымдарымен «Қазақ және венгер мәдениетіндегі: мәдениет, қоғам, басқару және субьект (Жаһандану әлеміндегі қазақ және венгер мәдениеті)»тақырыбында Халықаралық бірлескен ғылыми-зерттеу жобасын орындауда (Венгрия, г.Сомбатхели 2014-2016жж.)

 

Академия ғалымдары академияның меншіктік-ұйымдастыру формасының шектеулілігіне қарамастан, ғылыми мекемелермен бірлескен отандық ғылыми жобаларға қатысып келеді. Атап айтқанда, бірқатар республикалық гранттық ғылыми жобаларды тең орындаушы құқығында жүзеге асырды:

  • «Тәуелсіздік жылдардағы қазақ театры: даму жағдайы мен болашағы» атты тақырыпта бірлескен авторлар - А.Т. Сығай, С.Д. Қабдиева, Б.К. Нұрпейіс, А.С. Еркебай, З. Исламбаева, М.Жақсылықова іргелі ғылыми-зерттеу жобасын М.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер институтымен» бірлесе отырып орындады. 2011ж. аяқталды.
  • «ХХІ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы қазақ кескіндеме өнерінің тұжырымдамалық негіздері». Авторлары – С.А. Шкляева, А.С. Ғалымжанова, О.В. Батурина инициативті ғылыми-зерттеу монография жобасын орындады. 2011ж. аяқталды.
  • «Қазақстан Шығыс өркениеті жүйесінде: тарих, дерекнамалар, мәдениет» тақырыбы бойынша А.Б. Ибраева ҚР БҒМ шығыстану институтының іргелі ғылыми-зерттеу жобасының тең авторы ретінде қатысты. Жоба 2012 жылы аяқталды.
  • «Қазақстандық қоғамның бірігуі мен тұрақтылығы жағдайындағы Шығыста ұлттық идея қалыптастыру мәселесін зерттеу» тақырыбындағы бірлескен ғылыми жобаны орындауға қатысты. Авторы -А.Б.  Ибраева, ҚР БҒМ Шығыстану институты, 2013 жылдың негізгі зерттеу жобасы.
  • «Әлемдік қауымдастықтың, Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы ұстанымын нығайту мәнмәтініндегі Шығыс және Батыс өркениеттері арасындағы өзара әсерлесудің тарихи-мәдени мәселелері» тақырыбындағы ғылыми жоба. Жобаны орындаушылар тобында - А.Б. Ибраева, ҚР БҒМ Шығыстану институты, 2011 ж. негізгі зерттеу жобасы.
  • «Тәуелсіздік идеясының қазақ сахнасындағы көрінісі» тақырыбындағы іргелі ғылыми-зерттеу жобасын автор А.С. Еркебай М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесе отырып орындады. 2011ж. аяқталды.
  • «Қазіргі Қазақстан халықтарының театр өнері» тақырыбындағы іргелі ғылыми-зерттеу жобасын автор А.С. Еркебай М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесе отырып орындады. Жоба 2014 ж. аяқталды.
  • «Ғылыми қазына» тақырыбындағы іргелі ғылыми-зерттеу жобасын автор А.С. Еркебай М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесе отырып орындады. 2014 ж. аяқталды.
  • «Қазақ сахна өнерінің шеберлері» тақырыбындағы іргелі ғылыми-зерттеу жобасын автор А.С. Еркебай  М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесе отырып орындады. 2013 ж. аяқталды.
  • «ХХІ ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-мәдени модернизация мәнмәтініндегі Астана көркем құбылыс ретінде» тақырыбындағы іргелі ғылыми-зерттеу жобасын автор А.С. Еркебай М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесе отырып орындады. 2014 ж. аяқталды.
  • «Жалпы түркілік мәдени дәстүрлер аспектісіндегі қазақ өнері» тақырыбындағы қолданбалы ғылыми-зерттеу жобасына авторлар А.С. Еркебай, Қ.З. Халықов ҚР БҒМ Республикалық Грантын М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесіп орындауда, 2015-2017 жж.

 

+